Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бірнеше елді мекен су астында қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында екі күннен бері  толассыз жауған жаңбырдың салдарынан күртік қар күрт еріп, бірнеше елді мекен судың астында қалды. Арық-атыздардың арнасынан асқан лай су тұрғын үйлердің ауласына жетті. Әсіресе, Отырар, Ордабасы және Арыс аудандарының тұрғындары зардап шегіп отыр. Ауылдықтар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Мәселен, Монтайтас елді мекенінде алпысқа жуық үй су астында қалып, 300-ге тарта тұрғын туған-туыстарының үйін паналап отыр. Ал Қожатоғай, Найман, Байкал ауылдары да су астында қалуы мүмкін. Қазір су алған елді мекендер тазартылып жатыр.
Дәурен Дүйсебаев, ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі бастығының міндетін атқарушы:
Монтайтас елді мекенінде 614 үй болса, тұрғындар саны 4 мыңнан асады. 19 үйдің ауласын су басқан. Ордабасы ауданына қарасты Байкал және Найман ауылдарынан 120 тұрғын үйден 500-ге жуық адам туыстарының үйіне көшірілген. Жалпы, жағдай бүгінде қалыпты.
0
0
255

Осы тақырып бойынша

Бірнеше елді мекен су астында қалды - Yvision.kz