Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстандық хоккейшілер француздарға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Франциядан 1:3 есебімен ұтылды, деп хабарлады Sports.kz.

Матч Руан қаласында өтті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде командасына Эдуард Бельмар мен Николя Риц біздің қақпашыны қапы қалдырды. Евгений Блохиннің пасынан кейін Роман Старченко есепті қысқартқанымен, үшінші жиырма минуттықтың басында Йохан Авитю қорытынды есепті орнатты — 1:3.

Бүгін Парижде Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарының аясында екінші матчын өткізеді. Ойынның басталуы 00.00-де. 7 мамыр күні команда Минскіге келеді. Естеріңізге сала кетейік, биылғы әлем чемпионаты Беларусь астанасында өтеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
226

«Астананың» велошабандозы Түркия Турының жетінші кезеңінде екінші болып мәреге жетті

«Астаны» командасының велошабандозы итальяндық Андреа Гуардини Түркия Турының жетінші кезеңінде екінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ал бірінші орынды «Cannondale» командасынан итальяндық Элия Вивиани алса, үшінші болып мәреге британдық шабандоз Марк Кавендиш («Omega Pharma-Quick Step») жетті.

Жалпы есепте британдық Адам Яйтс («Orica Green EDGE») көш бастап тұр, одан кейін Эстониядан Рейн Таарамяэ («Cofidis») және оның командаласы француз Роман Харди. Елордалық команда спортшыларының арасында 12-ші орынға тұрақтаған Александр Дьяченко озып тұр.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
217

«Astana Arlans» боксшылары Дүниежүзілік бокс сериясының финалына өте алмады

3 мамырда Әзербайжан қаласы Губада Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалының екінші кезеңінде «Astana Arlans» «Baku Fires» командасымен кездесіп, қарсыласқа 1-4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды kaztrk.kz. Бүгінгі кеште «арландар» сапынан 52 келідегі Ілияс Сүлейменов пен 60 келідегі Самат Бәшенов, 69 келіде Манат Өмірзақов әзербайжандықтардан басым бола алмады. Тек 81 келідегі Хрвое Септің мерейі үстем болды. 91 келіден жоғары салмақтағы «арлан» — Филипп Хргович әзербайжандық Хаджи Муртузалиевпен жекпе-жекке шығып, төрешілер «Baku Fires» боксшысын жеңімпаз деп таныды. Осы жекпе-жектен кейін «Baku Fires» жартылай финалдың қос кездесуіндегі ұпай саны бойынша 6-4 есебімен финалға өтті. Финалда әзірбайжандықтар Куба командасымен кездеседі. Атап өтейік, аталған жекпе-жекті «KAZs…

0
0
259

БОКС: Кубалық «Cuba Domadores» WSB-тің ақтық сайысына шықты

Кеше Гаванада «Cuba Domadores» — «Russian Boxing Team» матчының жартылай финалдық бәсекесі өтті.

Олар бокстан әлемдік серияның жартылай финалындағы жауапты кездесуінде өз алаңында ресейліктерді 5:0 есебімен ұтты. Ал мәскеудегі матч 3:2 есебімен аяқталған болатын. Сонымен Куба боксшылары бірінші болып WSB — 2013/14 финалына шықты.

Кубалық боксшылардың қарсыласы Әзербайжанның Губа қаласында анықталады. Онда «Astana Arlans» бен «Baku Fires» арасында жауапты кездесулер өтеді, деп хабарлады sports.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
218

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы-2014» финалдық кезеңіне қатысады

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысында жарыстың жаңа кезеңіне іріктеу үшін болған сайыста жеңімпаз атанды, деп хабарлады турнирдің баспасөз қызметі. Ыстыбаев іріктеу финалында Дәулетхан Жақыповты ұтты, екі палуан да «Қазақстан Барысы-2014» титулы үшін бақ сынайды. Сонымен бірге, Қарағандыда да жеңімпаздар анықталды, онда финалға Бекзат Ахметбеков пен Асылхан Бәрменов шықты. Шымкентте де іріктеу кезеңі өтті. Қала мен облыс атынан Жұманазар Ерсұлтанов пен Сабыржан Әбілдаулы бақ сынайтын болды. Еске сала кетейік, іріктеу осыған дейін Павлодар мен Қызылорда облыстарында да өткен еді. «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ақтық бәсекесі Астанада 29 маусым күні болады. Бұл доданың осы күнгі жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаров, деп…

0
0
363

«Челсиден» басым түскен «Атлетико» финалға шықты

«Челсиден» басым түскен «Атлетико» финалға шықты

Мадридтің «Атлетико» командасы Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық кездесуінде лондондық  «Челсиді» ұтып, турнирдің ақтық сайысына шықты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Лондонда болған кездесу 3:1 болып қонақтардың пайдасына шешілді.

Сонымен, екі кездесудегі жалпы есеп - 3:1. «Атлетико»  жанкүйерлерінің қуанышында шек жоқ.

Еске сала кетсек, Мадридте өткізілген бірінші ойында қарсыластар тең ойнаған еді. Есеп — 0:0.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
184

Банан лақтырған жанкүйер енді футболға бармайды

Өткен демалыс күндері өткен Испан Примерасының 35 тур ойынында «Барселона» мен «Вильярреала» бақ сынасқан болатын. Осы кездесу барысында «Вильярреала» жанкүйері сырт алаңда өнер көрсетіп жатқан каталондық футболшы Дани Алвеске банан лақтырып, бұзақылық қылған еді. Бұл әрекеті әлемде үлкен наразылық тудырып, «сары флешмоб» аталған қозғалыс кең таралғаны мәлім. Испандық El Pais газеті хабарлағандай, бүгінде «Эль Мадригал» стадионының қауіпсіздік қызметкерлері бұзақы жанкүйердің кім екені анықтады. Бұзақы жанкүйер бұл әрекеті үшін енді өмір бойы сүйікті командасының өз алаңында болатын кездесулеріне бармайтын болады. Онымен қоса, ол қомақты айыппұл төлеумен қатар, елдің барлық спорт ареналарына бас сұға алмай қалуы мүмкін. Жанкүйер өзіне тағылған айыпты мойындап, ісіне өкінетінін айтып, ешбі…

0
0
275

«Мен азаматтығымды ауыстырмаймын» — А. Полторанин

Шаңғышы Алексей Полторанин баспасөзде шу тудырған өзінің сұхбаты жайлы сөз ете келе, оған жаттығу үшін толық жағдай жасалмағанын сынағаны болмаса, Қазақстаннан кету немесе азаматтығын ауыстыру жайлы мүлде ойламағанын айтты, деп жазады «Караван». «Мен тек Владимир Смирновтың жолымен әлем біріншілігіне, олимпиадаға еуропалық клубтың атынан Қазақстан туы астында өнер көрсеткім келетінін айттым», — дейді спортшы. Бірақ бұл ойын жүзеге асыру оңай шаруа емес екенін жасырмаған ол өз қолынан демеушілер іздеп, келіссөздер жүргізу келмейтінін, бар білетіні — жаттығумен айналысу екенін айтты. «Азаматтығымды ауыстырмаймын! Мен өз Отанымды, Қазақстанымды сүйемін! Менің сөзімнің бұрмаланғанына, ойымды дұрыс жеткізе алмағаныма өкініш білдіремін. Сол үшін көпшіліктен кешірім сұраймын», — деді шаңғышы. Ес…

0
0
292

Мөлдір Малайзиядағы Азия чемпионатына қатысады

Байқоңыр қаласында каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс 4 қола медальды иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 250-дей спортшы қатысты. «Атап айтсақ, 16-17 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-53 келі, ЖСШМ) чемпион атанып, маусым айында Малайзияда болатын Азия чемпионатында өнер көрсетеді. Диана Досқали (-59 келі, ЖСШМ) мен Нұрсұлу Жетербай (+59, №2 ОМБЖОРМ) күміс жүлдені еншіледі. Азамат Сансызбай (+76 келі, №2ОМБЖОРМ), Әбу Кеуілтай (-76 келі), Көркем Мұхамедқали (-59 келі) және 18-20 жас аралығында сынға түскен Меруерт Төреғали (-53 келі, үшеуі де федерация) үшінші орынға ие болды. Спортшыларды жарысқ…

0
0
521

ХОККЕЙ: Қазақстандықтар Италиядан есе қайтарды

2014 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның хоккей құрамасы екінші жолдастық кездесуде Италиядан басым түсті, деп хабарлады Vesti.kz.

Италиядағы кездесу 4:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Шайба авторлары — Роман Старченко, Максим Семенов, Константин Романов және Николай Антропов.

Еске сала кетейік, бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Италия құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ол жолы жалғыз шайбаны Дмитрий Уппер салды.

Хоккейден Элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты Минскіде 9 мамырда  басталады.

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
322