«Реал» «Баварияны» ойсырата жеңіп, финалға шықты
Мадридтің «Реалы» мюнхендік «Баварияны» ойсырата жеңіп, Чемпиондар лигасына жолдама алған алғашқы команда атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Мюнхенде өткен қос команданың жартылай финалдағы қарымта кездесуі «Реалдың» пайдасына 4:0-мен аяқталды. Мадридтік ойыншылардан кездесудің 16-шы және 20-шы минутында — Серхио Рамос, 34-ші және 90-шы минуттарында — Роналду дубль орындады. Осы кездесуде португалдық аяқдопшы 16-шы голын салып, турнирдің жаңа рекордын орнатты. Осылайша, екі кездесу нәтижесі бойынша есеп 5:0-мен «Реалдың» пайдасына шешілді. Бұдан бір апта бұрын Мадридте өткен алғашқы кездесуде «Бавария» 1:0-мен есе жіберген. Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында 24 мамырда өтетін финалдық ойында «Реал» лондондық «Челси» мен мадридтік «Атлетиконың» қай жеңгенімен бақ сынасады. Бұл команда…
