БОКС: Кубалық «Cuba Domadores» WSB-тің ақтық сайысына шықты
Кеше Гаванада «Cuba Domadores» — «Russian Boxing Team» матчының жартылай финалдық бәсекесі өтті.
Олар бокстан әлемдік серияның жартылай финалындағы жауапты кездесуінде өз алаңында ресейліктерді 5:0 есебімен ұтты. Ал мәскеудегі матч 3:2 есебімен аяқталған болатын. Сонымен Куба боксшылары бірінші болып WSB — 2013/14 финалына шықты.
Кубалық боксшылардың қарсыласы Әзербайжанның Губа қаласында анықталады. Онда «Astana Arlans» бен «Baku Fires» арасында жауапты кездесулер өтеді, деп хабарлады sports.kz.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

