Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астананың» велошабандозы Түркия Турының жетінші кезеңінде екінші болып мәреге жетті

«Астаны» командасының велошабандозы итальяндық Андреа Гуардини Түркия Турының жетінші кезеңінде екінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ал бірінші орынды «Cannondale» командасынан итальяндық Элия Вивиани алса, үшінші болып мәреге британдық шабандоз Марк Кавендиш («Omega Pharma-Quick Step») жетті.

Жалпы есепте британдық Адам Яйтс («Orica Green EDGE») көш бастап тұр, одан кейін Эстониядан Рейн Таарамяэ («Cofidis») және оның командаласы француз Роман Харди. Елордалық команда спортшыларының арасында 12-ші орынға тұрақтаған Александр Дьяченко озып тұр.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
218

Осы тақырып бойынша