Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Шахматшыларымыз Азиядан бір алтын, бір қола олжалады

Иранда шахматтан Азия кубогы аяқталды. Қазақстан шахматшылары намысты қолдан бермей, рапидте жігіттеріміз топ жарып, блицте қыздарымыз үшінші орынға ие болды, — деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz тілшісі. Азия кубогы. Рапид Әуелі Тебризеде (Иран) рапидтен Азия кубогы өтті. Ерлер арасында 10 елдің шахматшылары сынға түсті. Жартылай финалға Қазақстан, Қытай, Иран және Вьетнам құрамалары шықты. Біздің жігіттер Вьетнамды ұтса, Қытай Ираннан басым түсті. Финалда Қазақстан шахматшылары Қытай құрамасын 2,5:1,5 есебімен ұтып, Азия кубогының жеңімпазы атанды. Біздің елдің намысын Ринат Жұмабаев, Әнуар Исмағамбетов, Павел Коцур, Петр Костенко және Аян Ахметов сынды танымал шахматшыларымыз қорғады. Азия кубогы. Классика Классикалық шахматта жігіттеріміз де, қыздарымыз да жүлдеге бір қадам жетпей төрт…

0
0
291

Ағылшын футболшылары чемпионат кезінде теңізге шомыла алмайды

Футболдан Ұлыбритания құрамасының жетекшілігі ойыншыларына әлем чемпионаты кезінде теңізге шомылуға тыйым салды, — деп хабарлайды Утро.ру ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Ағылшын ұлттық құрамасының басшылары мұндай тыйымды футболшылардың вирустық инфекцияларды жұқтырып алмауы үшін енгізіп отыр. Англия командасы жайғасатын отель жағажайлы ауданда. Соған қарамастан, футболшыларға теңізге түсуге рұқсат берілмейді. Дегенмен команда жетекшілері ойыншылардың бассейндерде шомылуына тыйым салып отырған жоқ. Бұған дейін бұл команданың 1400-ден астам жанкүйерінің чемпионат кезінде Бразилияға кіргізілмейтіні хабарланған еді. Ұлыбритания билігі өкілдерінің мәліметінше, бұл адамдар — осы уақытқа дейін футбол кездесулері кезінде бұзақылық жасап, істі болғандар. Еске сала кетейік, фу…

0
0
395

Тағы 4 боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты

Алматыда әскери қызметкерлер арасында өтіп жатқан 55-ші әлем біріншілігінің кешкі сессиясының қорытындысы бойынша тағы 4 қазақстандық былғары қолғап шебері финалға жолдама алды. «Жаңа ғана аяқталған кешкі сессияда Бабыржан Момынов (75 кг), Арман Рысбек (81 кг), Асқар Абдоллаев (91 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) жеңіске жетті. Өкінішке қарай, 69 келі салмақта өнер көрсеткен Сағадат Рахманқұлов франциялық Вастин Алексиске есе жіберіп алды. Ол енді қола медальдің иегері. Сонымен, ертең 3 маусым күні болатын финалдық сайыстарға барлығы 8 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, ел намысын қорғайды» — деді ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің Армия Орталық Спорт Клубының баспасөз хатшысы Жібек Анарбаева. Естеріңізге сала кетейік, күндізгі сессияда Олжас Байниязов (49 кг), Олжас Сәтті…

0
0
277

Қазақстандық дзюдошы Сейдуәлі Асылжан жастар арасында Еуропа Кубогының қола медалін жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Сейдуәлі Асылжан (35 келі) жастар арасында Австрияда 31 мамыр-1 маусым арасында өткен Еуропа Кубогында қола медальді иеленді, деп хабарлады www.sports.kz.

Сондай-ақ сайыс қорытындысында Табиғат Мағауияұлы,  Еламан Ерғалиев, Еңлік Сатыбалды және Руза Доқтырбаева мықты дзюдошылар бестігі қатарынан көрінді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
238

Галле рингінен бір ғана алтын бұйырды

Бокстан кіші әлем чемпионатына баланатын «Chemistry Cup» халықаралық турнирінің финалына төрт боксшымыз шыққанымен, олардың біреуіне ғана алтын медаль бұйырды, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. Германияның Галле қаласында өткен, 17 мемлекеттен 106 боксшы бақ сынаған дәстүрлі турниріне біздің елден алты боксшы ғана барып, солардың төртеуі бірдей жартылай финалға шыққан еді. Біз бұған дейін күрзі жұдырықты жігіттеріміздің ширек финалға дейінгі өнерлері жайлы жазғанбыз. Енді жартылай финалдан бастап, өз боксшыларымыздың жекпе-жектеріне ат-үсті тоқталы өтсек. Жартылай финал 49 келідегі Теміртас Жүсіпов түрік тарланы Толахан Өзтүрікті төрешілердің бір жақты шешімдерімен ұтып, басымдық танытты. 52 келі салмақ дәрежесіндегі Ілияс Сүлейменов Ресей чемпионы Вас…

0
0
415

Катар 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін

Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылып қалуы мүмкін. Бул туралы бүгін ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін ұлыбританиялық БАҚ ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті, қатарлықМохаммед бин Хаммамның әлем біріншілігін Катарда өткізу үшін ФИФА өкілдеріне 5 миллион доллар аударғандығы туралы айтқан болатын. Параны Африка футболының шенеуніктері алған. Одан бөлек Хаммам 1,6 миллион долларын ФИФА-ның Тринад және Табаго еліндегі өкілі Джек Уорнерге аударған. Бойстың айтуынша, егер бұл болжамдар шындыққа айналса, онда ол ФИФА-ның атқарушы директорлар кеңесіне 2022 жылғы әлем біріншілігін басқа елде өткізу туралы ұсыныс жасайды. «Егер ФИФА-ның тергеу бөлімінің басшысы Майкл Гарсияның тексеруінде Қатардың қандай да бір заңсызд…

0
0
240

Кеншілер қаласында Азияның алтындарын «күреп» алдық

Қарағанды тас жолдарына велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан велошабандоздары кеншілер қаласындағы аламан бәйгелерде алтынды «күреп» алып, теңдессіз шықты, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. Қазақстанда бірінші рет өткен құрлық біріншілігінің Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде басталып, Қарағандыға ойысып, тас жолдардағы бәйгелердің өте бастағанын жазғанбыз. Әуелі жекелей сындағы жарыстар өтіп, төрт жүлде (3 алтын, 1 күміс) олжалағанбыз. Үміт артқан велоспортшыларымыз тек әйелдер арасында жүлдеге іліге алмай, бойжеткендер, бозбалалар, жастар (андерлер) және ерлер арасында алтынмен аптап, күміспен күптеген. Бұдан кейін аламан бәйгелер басталды. Мұнда да тек әйелдер арасында жүлдеге қолымыз жетпеді. Ал қалған төртеуінде талантты қыз-жігіттерім…

0
0
268

«Астана» шабандозы Фабио Ару «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 19-шы кезеңінде екінші орынға шықты

«Джиро д’Италия» супер-велокөпкүндігінің 19-шы кезеңі аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Онда «Movistar» командасынан колумбиялық Найро Кинтана жеңімпаз атанды, ал екінші орынға «Астана» шабандозы, итальяндық Фабио Ару шықты, үшінші орында — Колумбияның тағы бір өкілі Ригоберто Уран («Omega Pharma — Quick-Step»).

«Джиро д’Италия»
19-шы кезең.  Бассано-дель-Граппа — Чима Граппа,
Жекелей жарыс. 26,8 км.

1. Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar»)
2. Фабио Ару (Италия, «Астана»)
3. Ригоберто Уран (Колумбия, «Omega Pharma — Quick-Step»).

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
175

Поветкин неміс боксшысын нокаутпен жеңді

Аса ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Александр Поветкин 8 ай үзілістен кейін неміс боксшысы Мануэль Чаррмен жұдырықтасып,  қарсыласын техникалық нокутпен ұтты, деп жазады Би-Би-Си.

Мәскеуде өткен жекпе-жек жетінші раундта ресейліктің жеңісімен аяқталды.

Осыған дейін ол 2013 жылдың қазанында  Мәскеуде өткен кездесуде украиналық боксшы Владимир Кличкодан жеңіліп қалған болатын.

Ал бұл жеңістен кейін Поветкин Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрлықаралық чемпионы атағына ие болды.

 

Басты сөздер: РесейСпорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
176

Қазақстандық боксшылар 1 алтын, 3 күміс олжалады

Германияда өткен халықаралық «Chemistry Cup» турнирінен қазақ боксшылары 1 алтын және 3 күміс олжалады, деп жазады sports.kz. 52 келіге дейінгі салмақта Ілияс Сүлейменов ешкімге дес бермеді. 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 60 келіде Берік Абдрахманов және 81 келіде Әділбек Ниязымбетовтер тек шешуші кезеңде қарсыластарына жол беріп, күміс медальды жеңіп алды. Бұлардан басқа еліміздің атынан 64 келіде Алмасбек Әлібеков пен 69 келіде Рүстем Сыбаев та өнер көрсетті. Жалпы бұл турнирге 17 елден 106 спортшы атсалысты. Sports.kz «кіші әлем біріншілігінің» қазақстандық жеңімпаздарының тізімін келтіреді: 1995 ж. — Василий Жиров 1996 ж. — Болат Жұмаділов, Василий Жиров 1997 ж. — Болат Жұмаділов, Серік Өмірбеков 1998 ж. - Ермахан Ибраимов 2001 ж. — Бауыржан Қайырменов 2005 ж. — Серік Сәпиев, Бахыт Сарсе…

0
0
739