Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Бүгін Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады

Бүгін санаулы сағаттардан соң Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады. Екі күні бойы курортты өңірде өтетін сайысқа Гонконг, Жапония, Сирия, Өзбекстан, Корея, Сингапур, Моңғолия, Филиппин, Иран, Малайзия, Тайпей, Қытай, Таиланд және Казақстанның жас триатлоншылары қатысуда. Сондай-ақ, осынау шараға Азия триатлон федерациясы, Дене шынықтыру және спорт ісі жөніндегі агенттік, Ақмола облысы әкімдігі, Бурабай ауданы әкімдігі, ҚР триатлон федерациясы және болашақ олимпиадашыларды дайындайтын жасөспірімдер мен балалардың облыстық спорт мектебі мұрындық болып отырғанын айта кеткен жөн. Жарыс жолына алдымен қыздар, соннан соң ер балалар шығады. Сайыс ережесі бойынша триатлоншылар алдымен 750 метр суда жүзіп, 20 шақырым велосипедпен жарысады және 5 шақырым жаяу жүгір…

0
0
243

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кениялық Моррис Околамен жұдырықтасады

Кәсіпқой бокстан IBO Intercontinental тұжырымы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (11-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін 1 маусымда Мытищи қаласында өткізеді, деп жазады kazsporttv.kz.

Оның қарсыласы — кениялық боксшы Моррис Окола (4-0, 2 KO). Ауыр салмақтағы жепке-жек 8 раундқа созылады.

Бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Чудинов (12-0-2, 8 КО) пен даниялық Патрик Нильсен (22-0, 11 КО) жұдырықтасады.

«KAZsport» телеарнасы жекпе-жекті дүйсенбі, 2 маусымда көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 11.10-де басталады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
217

Велосипед спортынан Азия чемпионатында Қазақстан тағы 2 алтын медальға ие болды

Велосипед спортынан Азия Чемпионатының сегізінші күні Дмитрий Груздев пен Виктор Окишев Қазақстанның қоржынына тағы екі «алтын» салды. Сонымен барлығы 12 алтын болды, деп хабарлайды ВСҚФ баспасөз кеңсесінен. Қарағандыдағы күннің салқындығына, желге, жаңбырға қарамастан жарыс жоспар бойынша сағат 08.00-де басталды. Тас жолға бірінші ерлер, 45 км қашықтыққа жекелеген жарысқа, кейін 30 км қашықтыққа жекеленген жарысқа андерлер шықты. Қазақстанның атынан Дмитрий Груздев (ерлер) мен Виктор Окишев (андер). 45 км қашықтыққа ерлер арасында жекеленген жарыста алтын медальды қазақстандық Дмитрий Груздев иеленді. Ол қырғызстандық спортшы Вакер Югенді 1.19.20 сек озып шықты. Бұл Азия Чемпионатында Дмитрийдің алғашқы алтын медалі (2011,2012 жылдары Дмитрий Азия Чемпионаттарында күміс жүлдесін иеленген…

0
0
307

ФУТБОЛ: Фернанду Алешандренің қазақстандық клубта ойнауы ықтимал

Португалиялық жартылай қорғаушы Фернанду Алешандре Қазақстандағы футбол чемпионатына келуі мүмкін.

Бұл туралы португалиялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, Аzerisport.com сайты хабарлады.

Басылымда атап өтілгендей, футболшының «Академикпен» келісімшартының мерзімі аяқталуға таяу. Қазіргі сәтте оған португалиялық «Брага» мен «Маритиму», сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Қазақстан  қызығушылық танытуда.

Бұл маусымда 28 жасар футболшы «Академикте» 23 ойын өткізіп, екі гол салды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда премьер лига мен бірінші лига клубы үшін трансферлік терезе 2014 жылғы 11 маусымнан 8 шілде аралығында ашылады, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
163

Қазақстандық екі боксшы Германияда «Chemistry Cup» жартылай финалына шықты

Теміртас Жүсіпов пен Ілияс Сүлейменов Галле қаласында (Германия) өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі. Турнирдегі өзінің дебюттік жекпе-жегінде Теміртас Жүсіпов (49 келі) ирландтық Хуши Майерсті айқын басымдылықпен ұтты — 3:0, ал Ілияс Сүлейменов (52 келі) неміс спортшысы Хамза Тубаны 3:0 есебімен жеңіп кетті. Х.Туба тәжірибелі болуына (Алматыдағы әлем чемпионатына және WSB додасына қатысқан) қарамастан оған туған елінің қабырғасы да сүйеу бола алмады, біздің боксшының тегеуріні шыдас бермеді. Алмасбек Әлдибеков (64 келі) тәжірибелі молдаван боксшысы Дмитрий Галаготаға 1:2 есебімен есе жіберді. Бүгін түнде рингке Берік Әбдірахманов (60 келі) мен Әділбек Ниязымбетов (81 келі) шығады, олар тиісінше Франция…

0
0
200

Джиро д’Италия: «Астана» велошабандозы Фабио Ару 4-орынға көтерiлдi

«Джиро д’Италия» көпкүндiгiнiң 18-кезеңiнен кейiн «Астана» велошабандозы Фабио Ару екi сатыға жоғарылап, 4-орынға табан тiредi.

Бұл кезеңде колумбиялық спортшы Хулиан Арредондо (Trek Factory Racing) жеңiмпаз атанды. Одан 17 секундқа қалып қойған Colombia командасының велошабандозы Фабио Дуарте көмбеге екiншi келсе, үшiншi орынды Sky өкiлi Филип Дейгнан иелендi.

«Джиро д’Италия» көпкүндiгiнiң жалпы есебiнде Movistar клубының мүшесi Наиро Кинтана көш бастауда. Одан бiр минут және 41 минут қалып келе жатқан Ригоберто Уран (Omega Pharma-Quick Step) екiншi орында. Үштiктi француз Пьер Роллан (Europcar) түйiндеп келедi. Фабио Ару алтыншы орыннан төртiншi орынға бiрақ көтерiлiп, Ролланға екi секунд қана жол берiп келедi.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
163

Азиялықтар тас жолдарда Қазақстан велоспортшыларына ілесе алар емес

Велоспорттан Қарағанды тас жолдарында өтіп жатқан Азия чемпионатында біздің велошабандоздар алдарына қара салар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше Қарағанды тас жолдарында өткізіле бастаған Азия чемпионатының ең алғашқы бәйгесінде күміс медаль еншілегенбіз. Жасөспірімдер арасындағы 30 шақырымдық жекелей сында Әлішер Жұмахан екінші орынға ие болған. Одан кейін әйелдер арасындағы 30 шақырымдық жекелей сында (велошабандоздар жарыс жолына сөреден жеке-жеке жіберілетін бәйгеде) Маржан Байтілеуова 6-орынды қанағат тұтты. Содан соң бойжеткендер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында айымыз оңынан туды. Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде екі дүркін Азия чемпионы атанған Екатерина Юрайтис Қарағандыда да алтынмен апталды. Тректе ғана емес, тас жолда да ел сенімін ақтауға жарап қалғанд…

0
0
376

Қанат Ислам әлемдегі ең қарқынды боксшылардың тізіміне ілінді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам колумбиялық Франсиско Кордероны жеңгеннен кейін рейтингте 24 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kzспорт порталы. Жалпы рейтингте Қанат 82 орынға жайғасса, орта салмақтағы боксшылардың ішінде ол үздік он боксшының қатарына қосылды. Ал, Boxrec.com порталы қазақстандық боксшыны әлемдегі ең қарқынды боксшылары тізіміне қосыпты. Қанат Исламның өзі осы жылдың соңына дейін WBA тұжырымының чемпиондық атағы үшін таласуды мақсат етіп қойып отыр. Айта кетейік, Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Кейбір деректер бойынша, ол қазір Алматы облысының Қарасай ауданында тұрып жатыр. Қанат кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін ол әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып,…

0
0
274

ВЕЛОСПОРТ: Қазақстандық шабандоз Дмитрий Груздев кезекті рет Азия чемпионы атанды

Бүгін Қарағанды қаласында жалғасып жатқан чемпионатта қазақстандық велошабандоз Дмитрий Груздев мәре сызығын бірінші болып кесті.

Ол ерлер арасындағы 45 шақырым жеке жарыста бақ сынаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, кеше  Қазақстан спортшысы Екатерина Юрайтис велоспорттан Азия чемпионатында 15 шақырымға жеке жарыста алтын медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, Әлішер Жұмахан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Басты сөздер: СпортАлматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
0
0
338

«Астана» велокомандасының капитаны «Джиро д’Италияның» жарыс жолынан шығып қалды

»Астана» велокомандасының капитаны итальяндық спортшы Микеле Скарпони «Джиро д’Италия» көпкүндiгiнен шығып қалды. Скарпони 17-кезең жарысына қатысудан бас тартуды шешiптi. Итальяндық спортшы жарыс барысында бiрқатар жарақаттар алған болатын. Капитандық 15-кезеңде жеңiске жеткен Фабио Аруға бұйырды. «Бұның алдындағы кезеңдерде құлап қалып, бiрнеше жарақаттар алдым. Арқамдағы және мойын тұстағы жарақат уақыт өткен сайын тiптi шыдатар емес. Бұл тiптi мүмкiн емес кезеңдер болды — жолдағы қар мен судың көлемi тым көп», — дейдi Скарпони «Астана» сайтында жариялаған сөзiнде. Сонымен бiрге бұл кезеңге Алессандро Петакки (mega Pharma — Quick Step), голландиялық Томас Деккер (Garmin) шықпай қалды. Өз кезегiнде Фабио Ару жалпы есепте 6-орында келедi. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Астана , С…

0
0
185