Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Катар 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін

Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылып қалуы мүмкін. Бул туралы бүгін ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін ұлыбританиялық БАҚ ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті, қатарлықМохаммед бин Хаммамның әлем біріншілігін Катарда өткізу үшін ФИФА өкілдеріне 5 миллион доллар аударғандығы туралы айтқан болатын.

Параны Африка футболының  шенеуніктері алған. Одан бөлек Хаммам 1,6 миллион долларын ФИФА-ның Тринад және Табаго еліндегі өкілі Джек Уорнерге аударған. Бойстың айтуынша, егер бұл болжамдар шындыққа айналса, онда ол ФИФА-ның атқарушы директорлар кеңесіне 2022 жылғы әлем біріншілігін басқа елде өткізу туралы ұсыныс жасайды.

«Егер ФИФА-ның тергеу бөлімінің басшысы Майкл Гарсияның тексеруінде Қатардың қандай да бір заңсыздыққа жол бергенін анықтайтын болса, онда мен басқа қалада өткізу туралы ұсынысты қабылдаймын. ФИФА бұл мәселені қатты қарастырып жатыр», — дейді Бойс.

     
Тектес:КатарФутбол
 
0
0
241

Осы тақырып бойынша