Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Шахматшы Бибісара Асаубаева Батумиде халықаралық турнирде жеңіске жетті

Шахматшы Бибісара Асаубаева Батумиде халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлады Спорт.кз.

Грузияда «Муниципалитет кубогы — Батуми 2015» халықаралық турнирі өтті.

Басты турнирде  Петр Костенко мен Бибісара Асаубаева жалпы 9 ұпайдан 4,5 ұпай жинады.

Бұл ретте Бибісара қыздар арасында бірінші орынды иеленді

0
0
366

Қазақстандық Антон Пинчук АРВ турнирінде Клементе Руссоға есесін жіберіп алды

Миланда өтіп жатқан АРВ жобасының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Антон Пинчук итальяндық Клементе Руссоға есесін жіберіп алды. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы екінші кезеңнің финалына өтіп, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпида ойындарына жолдама алады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы. 91 кг салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері Клементе Руссодан 3:0 (77:75, 78:74, 78:74) есебімен жеңіліп қалды. Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы Біржан Жақыпов (49 келіге дейін салмақ дәрежесі бойынша), Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін) пен Василий Левит (91 келіге дейін) жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 26 шілде күні Мексикада қазақстандық боксшы Ильяс Сүлейменов (52 келіге…

0
0
411

Оралда бадминтоннан халықаралық жарыс өтуде

Оралда 8 шілде күні бадминтоннан халықаралық «Condensate Apacs Kazakhstan International Series» рейтингтік турнирі басталды. Спорттың осынау түрінен Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстан, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы, Малайзия, Иран, Моңғолия, Беларусь, Ресей, Италия, Австрия, Израиль, Бельгия, Болгария, Шри-Ланка сынды әлемнің жиырма елінен 120-дан астам спортшылар қатысуда. Олар 2016 жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай қорын молайту үшін сынға түсуде. Ерлер арасында жекелей сында 42 спортшы өнер көрсетуде. Олардың арасында 2015 жылғы Ресей чемпионы, әлемдік рейтингте 54-інші орында тұрған Владимир Мальков, Австриядан Лука Врабер (58-інші орын), Дэвид Оберностерер (60-ыншы орын), Израильдан Миша Зи…

0
0
363

Мэнни Пакьяо рингке қайта оралатын мерзімін айтты

Мэнни Пакьяо

Филиппиндік боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекте иығының бұрынғы жарақатын асқынтып алды, сондықтан оған ота жасалды.

Сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO) ота жасалғаннан кейін  оң иығының тез жазылып келе жатқандығын және келесі жылы шаршы алаңға қайта орала алатындығын мәлімдеді.

«Алдағы жылы жекпе-жекке шығуға дайынмын. Жағдайым жақсарды, қолымды көтере аламын», — деген филиппиндіктің сөзін келтіреді BoxingScene.com.

Соңғы жекпе-жегін Пакьяо 2 мамырда Лас-Вегаста кіші Флойд Мейвезерге (48-0, 26 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен  жеңіліп қалды. Айқастан кейін филиппиндіктің командасы Пакьяоның кездесуге жарақаттанған иығымен шыққанын және жекпе-жектен соң жағдайы күрт төмендегендігін мәлім еткен болатын, деп жазды vesti.kz.

0
0
357

Месси Аргентина құрамасынан кетуінің себебін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында біраз уақыт ойнамайтын болды. 28 жастағы футболшыға 2014 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіліс тапқаны және жуырда аяқталған Америка кубогы, сондай-ақ жанкүйерлердің оның отбасына шабуылдағаны қатты әсер етті. Месси аргентиналық құрама бапкері Херардо Мартиноға өз шешімін жеткізіп, одан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сынына шақырмауды өтінді. Месси ұлттық командада 2005 жылдан бері ойнап келеді. Ол құрамада 102 матч өткізіп, 46 гол соққан. Еске сала кетсек, 4 шілдеде өткен Америка кубогының финалдық ойынында Аргентина мен Чили құрамалары шеберлік сынасқан. Осы ойын кезінде жанкүйерлер трибунада отырған Мессидің жанұясын танып қалып, оларға шабуылдамақ болған. Тіпті, оның ағасы Родригоға зат ла…

0
0
416

Волейболдан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар күміс жүлдені иеленді

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан 18 команда, 250-ге жуық спортшы қатысқан дүбірлі сайыста қызылордалықтар күміс жүлдені еншіледі. Бірінші орында — Шығыс Қазақстан, үшінші орында — Астана қаласы. Ал Павлодар облысының командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Команданың алға шығуына шиеліліктер Расул Егенов, Аят Рамазанұлы, Елжас Сапарбай, Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінен Болатхан Шанжархан, Еркебұлан Сейдан, Нұрлыбек Ыбырайұлы, аралдық Жандос Шамаранов, сырдариялық спортшылар Азамат Ордабеков, Дәулет Кенжеғалиев, Асқар Балтабай, Нұрғиса Өтегенов, Дәу…

0
0
432

Масафуми Тагахара ұрыс өнерінен шеберлік сабақтарын өткізеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Таразда атақты жапондық шихан, Жапонияның және әлемнің ұрыс өнерінен көптеген мәрте чемпионы Масафуми Тагахараның басшылығымен киокушинкай-кан бойынша жаттығу жиындары өтуде. Облыстық спорт және денешықтыру басқармасында түсіндіргендей, жиын барысында кумитэ және катаға әзірлік, сондай-ақ төрелік ету және жалпы дене дайындығы бойынша семинарлар ұйымдастырылады. «Атлетик» спорт кешені биыл қатысушылардың рекордты көрсеткішін жинады. Барлық облыстық құрама командалардан 500-ге дейінгі спортшы жапондық шихан Масафуми Тагахара өткізетін шеберлік сабақтарына қатыса алады. Жиын аяқталғаннан кейін Дан-тест (шеберлік дәрежесіне аттестаттау) өтеді, оның барысында спортшылар 1-ш, 2-ші және 3-ші дан қара белбеулеріне аттестациядан өтеді. Спорт шарасын өткізу республикалық ұлттық…

0
0
385

Зүлфия Забирова Гүлшара Әбдіқалықова мен Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездескен

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанда Олимпиада ойындарына қатысу үшін әйелдер велоспортынан ұлттық штаттық команда құрылуы мүмкін. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездескен Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, Олимпиада чемпионы Зүлфия Забирова осындай ұсыныс жасады. Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті әрі «Astana Acca Due O» әйелдер велосипед командасының спорттық директоры кездесу барысында отандық әйелдер велоспортының қазіргі жай-күйі жайында баяндап, бұл саланы дамыту бағытындағы федерацияның жоспарларымен бөлісті. «Зүлфия Забирова әйелдер велоспортынан өңірлік және ұлттық штаттық команда құру қажеттігін атап өтті. Ол отандық спортшыларды іріктеуге және олардың спорттық шеберлігін арттыра…

0
0
558

«Қазақстан» және «Кazsport» телеарналары қазақстандық футбол клубтарының израильдіктермен және словениялықтармен кездесулерін көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы спорт жанкүйерлеріне және еуропалық футбол жарысында қазақстандық клубты қолдайтындарға сыйлық жасамақшы. Еурокубоктың қонақ матчын көрсету туралы шетелдік серіктестермен келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық және израильдік футбол клубтары 9 шілде күні еуропа Лигасының бірінші білікті раунды шеңберінде Иерусалимде кездесу өткізеді. Алаңда «БЕЙТАР» (Израиль-Иерусалим) және «ОРДАБАСЫ» (Қазақстан-Шымкент) бақ сынасады. Астана уақыты бойынша 22.50-де «Кazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал 10 шілде күні осы телеарнада сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауы болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл қарсыластар арасындағы екінші матч болмақшы. 2 шілде күні құрамалар Шымкентте…

0
0
477

Қазақстандық әскери қызметшілер Абай шыңын бағындырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері Абай шыңына шықты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Биіктігі 4 010 метрлік тау шыңын бағындырған әскери қызметшілер бұл жеңісін қазақтың ұлы ақыны, дана ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арнады. Бірінші бағындырған шың 2 880 метр биіктікте орналасқан Іле Алатауы бөктеріндегі асудың бірі болатын. Әскери қызметшілер осы жерге түнеп, таңертең қайта жолға шықты. Нәтижесінде Абай шыңына әскери альпинистер жеті сағатта (қонған уақытты есепке алмағанда) жетті. Әскери қызметшілердің айтуынша, ауа-райы олардың таудағы жорығына қолайлы жағдай жасады, ал түнгі жауған жауын жеке құрамның жауынгерлік рухын шыңдады. Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери қызметшілер үшін тау даярлығы жау…

0
0
400