Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Келли Павлик: Головкинге Альвареспен айқасу керек, Котто тым кішкентай

Келли Павлик

АСТАНА. ҚазАқпарат — Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Келли Павлик қазақстандық Геннадий Головкин жайлы, сондай-ақ оның Мигель Котто және Сауль Альвареспен кездесу мүмкіндігі туралы пікірін білдірді.

Келлидің пайымдауынша, қазақстандыққа бәсекелес бола алатын жалғыз боксшы — Альварес. Өйткені Котто орта салмақ үшін тым жеңіл.

«Қазір Головкин Альвареспен күш сынасуы керек деп ойлаймын. Бұл жекпе-жекте ол өз мүмкіндігін көрсете алады. Ол аса қабілетті деген пікірдемін, алайда Канеломен кездесуде бұған тағы бір көз жеткізуіміз керек», — деген Павликтің сөзін келтіреді Boxingscene.

0
0
402

Қызылордалықтар қос балуанын күтіп алды

«Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері Руслан Әбдіразақов пен көрермендердің ерекше ықыласына бөленген «Жеңіске деген жігері» номинациясының иегері Нұрым Сәлімгереевті Қорқыт ата әуежайынан қызылордалықтар зор қошеметпен күтіп алды. Бүгін облыстық коммуникация орталығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев пен спортшылардың қатысуымен брифинг өтті. Кездесу барысында Садық Мұстафаев қызылордалық спортшылар үшін турнир сәтті өткендігін баса айтты. Н.Сәлімгереев көрермендер ықыласына бөленіп, «Жеңіске деген жігері» номинациясы бойынша сыйға автокөлік алды. Айта кету керек, 4 шілде күні Астана қаласында Ұлт Көшбасшысы — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирі өткізілген болатын. Дү…

0
0
475

Дүниежүзілік бокс ұйымы Флойд Мейвезерді чемпиондық атағынан айырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Дүниежүзілік бокс ұйымы америкалық Флойд Мейвезерді 66,68 келіге дейінгі салмақ санатындағы әлем чемпионы титулынан айырды. Бұл туралы ТАСС жазады. Мейвезер 3 мамырда филиппиндік Мэнни Пакьяоны жеңіп, барлық үш белдікті (сондай-ақ Дүниежүзілік бокс қауымдастығы мен Дүниежүзілік бокс кеңесі) босату ниетін мәлімдеді, осыған орай ДБҰ бос титулды иелену үшін америкалық Тимоти Брэдли мен Джесси Варгас арасында жекпе-жек тағайындаған болатын. Бұл туралы USA Today басылымы хабарлады. Алайда Мейвезердің өкілдері ұйымға боксшы әлем чемпионы белдігін босатпағаны жайлы хабарлап, титулды мәртебеге таласатын Брэдли-Варгас жекпе-жегін болдырмауды талап етті. ДБҰ спортшыға 66,68 келіге дейінгі салмақ белдігін босатуын шешу үшін уақыт берді. Ұйым қағидасы бойынша, спортшыға басқа нұс…

0
0
267

Михаэль Шумахердің қызы Еуропа чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Формулы-1″ жарысының жеті дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахердің қызы Джина Мария атқа шабудан жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды Mirror.

Жарысқа әлемнің 9 елінен 46 спортшы қатысқан.

Сондай-ақ Джина Мария Германия құрамасына командалық есепте алға шығуға көмектескен.

Еске сала кетейік, Шумахердің кіші баласы Мик «Формула-4″ автожарысына қатысады.

Ал Михаэль Шумахердің өзі 2013 жылдың желтоқсанында тау шаңғысын тебу кезінде басынан алған ауыр жарақатынан кейін ем алып жатыр.

0
0
257

Бейбит Ыстыбаев – победитель турнира «Қазақстан Барысы»

Бейбит Ыстыбаев

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Бейбыт Ыстыбаев из Жамбылской области стал новым чемпионом V сезона республиканского турнира «Қазақстан Барысы». В финале он в тяжелой борьбе одолел сопротивление кызылординца Руслана Абдразакова.

Бронзовым чемпионом турнира стал Гани Сейдильдаев.

Отметим, что призовой фонд V республиканского турнира «Қазақстан Барысы» составляет 225 тыс. долларов США, из них 35 тыс. долларов США предназначены тренерам спортсменов.

Призовой фонд среди палуанов распределится следующим образом:

1 место – 150 тысяч долларов США;

2 место – 30 тысяч долларов США;

3 место – 10 тысяч долларов США.

0
0
363

Әйелдер футболынан әлем чемпионы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — АҚШ командасы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионы атанды. Канаданың Ванкувер қаласында өткен финалдық ойында америкалықтар 5:2 есебімен Жапония құрамасын жеңді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Құрама штат футболшылары қарсыластарының қақпасына ойынның алғашқы 15-минутында төрт голды қатарынан кіргізді.

Бұл әлемдік біріншілік тарихында АҚШ әйелдер құрамасының үшінші, 1999 жылдан бастап бірінші жеңісі.

Әйелдер арасындағы футбол бойынша алғашқы әлем чемпионаты 1991 жылы өткен, содан бері 4 жылда бір рет өткізіліп келеді.

0
0
326

Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореядағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин оңтүстіккореялық Кванджудағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

Универсиаданың екінші күні Қазақстанға алғашқы «алтын» әкелді. Қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасспен жүзуде ағылшындар Джеймс Уилби мен Крейг Бесоннан алға озып, жеңімпаз атанды.

0
0
216

Мария Шарапова: «Зарина шабуыл бағытын өзгертуге шебер»

Мария Шарапова

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейлік теннисші Мария Шарапова Уимблдонда төртінші раундта өзі ұтқан қазақстандық қарсыласы Зарина Диясты мақтады.

«Екінші партияда ден қою деңгейім әлсіреп кетті. Үшінші геймде екі рет басымдық танытсам да, оны ала алмадым. Кейін өз-өзімді жинап алдым», — деп атап өтті Мария.

«Біздің ойынымыздың өткен матчтан ерекшелігі Заринаның турнир сайын тәжірибе жинақтай түсуінде. Мельбурнмен салыстырғанда, мен бастапқыда мүлдем басқа ойын күткенмін.

Дияс допты төменнен мықты ұрады, әсіресе соққыға дайындалуға уақыт жеткілікті болса қауіпті. Әрі Зарина шабуыл бағытын өзгерту жағынан шебер», — деді Шарапова «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

0
0
290

«Қайрат» футбол клубы мобильді қосымшасын іске қосты

«Қайрат» ФК смартфон және планшет үшін көпфункциялы мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл қосымшаны қазір Play Market-тен жүктеп алуға болады, ал жақында ол App Store-ге шығады, деп хабарланған ФК сайтында. Қосымшаның негізгі «маңызды» бөлімінде матч нәтижелерін, турнир кестесін және түрлі промо роликтерді көруге болады. «Жаңалықтар» бөлімінде команда жаңалығы бар. Ол екі категорияға бөлінген: клуб жаңалықтары мен академия жаңалықтары. Жаңалықтар астына пікір де қалдыруға болады. «Оқиғалар» бөлімінен «Қайраттың» жақын арадағы өз алаңындағы кездесулері мен клубтың өзге де шараларды көруге болады. «Команда» бөлімінде клуб ойыншылары мен жаттықтырушылары туралы ақпарат орналастырылған. Қосымшада атрибутикалар онлайн-дүкені бар, сонымен қатар Алматыдағы «Қайрат» матчтарына билетті де осы жерден…

0
0
573

Қаратөбе ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Астана күні қарсаңында Қаратөбе ауданы орталығында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтің атап өткеніндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірлерде спорттың бұқаралылығын арттыруға, салауатты өмір салтын орнықтыруға айрықша мән беріледі. Тұрғындар неғұрлым спортпен айналысып, өз денелерін шынықтырса, соғұрлым ширақ, көңілдері шалт болатыны анық. Аталмыш кешенде де адамдардың қалаған спорт түрімен шұғылдануына барынша жағдай жасалған. Кешен ұжымына облыс әкімі атынан автокөлік кілті табыс етілді. Айта кетейік, республикалық бюджет есебінен кешен құрылысына 286,8 млн. теңге жұмсалды. Мердігер ұйым — «Тараз сәулеті» ЖШС. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені қазіргі заманғы спорттық құрал-жабдықтармен де қамтамасыз ет…

0
0
727