Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мэнни Пакьяо рингке қайта оралатын мерзімін айтты

Мэнни Пакьяо

Филиппиндік боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекте иығының бұрынғы жарақатын асқынтып алды, сондықтан оған ота жасалды.

Сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO) ота жасалғаннан кейін  оң иығының тез жазылып келе жатқандығын және келесі жылы шаршы алаңға қайта орала алатындығын мәлімдеді.

«Алдағы жылы жекпе-жекке шығуға дайынмын. Жағдайым жақсарды, қолымды көтере аламын», — деген филиппиндіктің сөзін келтіреді BoxingScene.com.

Соңғы жекпе-жегін Пакьяо 2 мамырда Лас-Вегаста кіші Флойд Мейвезерге (48-0, 26 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен  жеңіліп қалды. Айқастан кейін филиппиндіктің командасы Пакьяоның кездесуге жарақаттанған иығымен шыққанын және жекпе-жектен соң жағдайы күрт төмендегендігін мәлім еткен болатын, деп жазды vesti.kz.

   
0
0
358

Осы тақырып бойынша

Мэнни Пакьяо рингке қайта оралатын мерзімін айтты - Yvision.kz