Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстан» және «Кazsport» телеарналары қазақстандық футбол клубтарының израильдіктермен және словениялықтармен кездесулерін көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы спорт жанкүйерлеріне және еуропалық футбол жарысында қазақстандық клубты қолдайтындарға сыйлық жасамақшы.

Еурокубоктың қонақ матчын көрсету туралы шетелдік серіктестермен келісімге қол жеткізілді.

Қазақстандық және израильдік футбол клубтары 9 шілде күні еуропа Лигасының бірінші білікті раунды шеңберінде Иерусалимде кездесу өткізеді.

Алаңда «БЕЙТАР» (Израиль-Иерусалим) және «ОРДАБАСЫ» (Қазақстан-Шымкент) бақ сынасады. Астана уақыты бойынша 22.50-де «Кazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал 10 шілде күні осы телеарнада сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауы болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл қарсыластар арасындағы екінші матч болмақшы. 2 шілде күні құрамалар Шымкентте өзара кездесу өткізген болатын. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

14 шілдеде сағат 00.30-да «Қазақстан» ұлттық телеарнасы елордалық «Астана» мен Словенияның «Марибор» футбол клубы арасында өтетін кездесуді тікелей эфирде көрсетсе, 15 шілдеде «Кazsport» телеарнасы сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауын ұйымдастырады, деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиосының баспасөз қызметі.

 
0
0
478

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан» және «Кazsport» телеарналары қазақстандық футбол клубтарының израильдіктермен және словениялықтармен кездесулерін көрсетеді - Yvision.kz