Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Инчхон-2014: Қазақстандық гандболшылар Гонконг спортшыларын тас-талқан етті

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында «В» тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның гандболдан қыздар құрамасы гонконгтықтарды 40:13 (19:8, 21:5) есебімен ойсырата ұтты, деп жазады Sports.kz.

Ертең жерлестеріміз Өзбекстан құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, көрші ел спортшылары бұған дейін Мальдив Республикасының құрамасын өте үлкен есеп айырмасымен жеңген — 57:7.

 
Басты сөздер: ОлимпиадаСпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
179

«Барыс» новокузнецкілік «Металлургті» сүріндірді

ҚХЛ чемпионатының аясындағы овертаймда новокузнецкілік «Металургті астаналық «Барыс» 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлады  Sports.kz.

Әзірге 20 ұпайы бар магнитагорлық «Металлург» көш бастап тұр. «Авангард»   17 балмен екінші орында. 16 ұпай жинаған «Ақ Барыс» көшбасшылар үштігінен орын тепті. «Барыс»  (13 ұпай) — төртінші орында.

Келесі ойынды «Барыс» Астанада 24 қыркүйекте ярославтық «Локомотивпен» өткізеді.

 

Басты сөздер: АстанаСпорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
245

17 жастағы жапон қызы Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды

17 жастағы жапон қызы Сара Таканаши Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогының кезекті Жазғы кезеңін жеңіп алды. Әйелдер арасында өткен жарыста екінші орынды Ирина Аввакумова, ал Юки Ито үшінші орынды иеленді. Ал Сара Таканаши екі раундта да соңынан секіріп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Нәтижесінде 238.2 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орын алған алған ресейлік Ирина Аввакумованың көрсеткіші — 206.3. Ал үшінші орынға ие болған жапондық Юки Ито — 203.1 ұпай жинады. «Бірініші секіргенім өте сәтті шықты. Екінші серияларда аздаған қателіктер болды. Жалпы айтарым, әйелдер үшін Жазғы Гран-придің тек екі кезеңнен ғана тұратыны өкінішті-ақ. Өйткені, әлемнің басқа да спортшыларымен жарысқан сайын, шеберлігіңді шыңдай түсесің», — деді С. Таканаши. Естеріңізге сала к…

0
0
284

Таразда бильярдтан әлем чемпионаты ашылды

Бүгін «Тараз-Арена» спорт сарайында бильярдтан «Динамикалық пирамида» әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен. Жарыста бағын сынау үшін Тараз қаласына 19 елдің 53 спортшысы келді. Оның қатарында — Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қытай, Корея, Өзбекстан, Әзербайжан, Польша, Германия, Болгария, Чехия, Франция, Түркия және т.б. бар. Жарысқа ресейлік әлем чемпиондары Сергей Тузов, Никита Ливада және Александр Чепиков қатысады. Қазақстандық құраманың ішінде үш дүркін әлем чемпионы Қаныбек Сағындықов, әлем чемпионы Алихан Қаранеев, әлем чемпионы Ернар Шымбаев, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Алмас Әбсейіт бар. Бәсеке олимпиада жүйесі бойынша өтеді. Ұтылған адам, жарыстан шығады. Ойын 6 жеңіске дейін жалғасады.…

0
0
409

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ: Оралда палуандар 1 млн. теңге үшін белдеседі

Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында 21 қыркүйек күні қазақ күресінен «Жайықтың арыстары — қазақтың барыстары» атты республикалық турнир өтеді. БҚО Қазақ күресі федерациясының президенті Қаймен Есендияровтың айтуынша, турнир Ақ Жайықтың атын асқақтатқан төрт бірдей даңқты спортшының құрметіне өткізілмек. Олар — қазақ күресінен Қазақстанның 1939 жылғы тұңғыш түйе палуаны, кейін Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Еңсеп Досқалиев, самбодан 1989 жылғы әлем чемпионы Асқар Шайхиев пен оның бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батыр Қуанышев және қазақ күресінен БҚО-ның бірнеше мәрте түйе палуаны Оралбек Қожагелдин. Жарыста Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан (әр ауданнан бір адамнан) облыстары және Алматы, Астана қаласының палуандары бақ…

0
0
803

«Сарықұрлық» Сабинаны сұрайды

ХVІІ жазғы Азия ойындары қарсаңындағы Қазақстан туының көкке көтерілу салтанатында азиялықтар волейболшы жас қызымыз Сабина Алтынбекованы іздеді, — деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан «Алаш айнасының» арнаулы тілшісі. Инчхон төрінде алты елдің туы бірінен соң бірі салтанатты түрде көкке көтеріліп жатқан. Малайзия, Бахрейн және Иран елдерінің мемлекеттік рәміздері сырықтай бағанның ұшар басына бекітіліп, Әнұрандары шырқалды. Енді біздің көкбайрағымыз көкке көтерілуі керек. Салтанатты шараны жүргізуші «Енді Қазақстанның туы көтеріледі» деп, жариялай бастап еді, айналамыздағы азиялықтар «ә, Қазақстан» деп шүйіркелесе жөнелді. Содан олардың бірі бізге қарай бұрылып, «Сабина қайда, Сабина? Мына спортшылардың ішінде бар ма?» деп, сұрады. Оларға жақынырақ тұрған «Қазақ спорты» газетінің Бас редакто…

0
0
354

FIFA қызметкерлерін ӘЧ-2014 кезінде бразилиялықтардан алған сыйлықтарын қайтаруға міндеттеді

Халықаралық футбол қауымдастығы (FIFA) өз қызметкерлерін Бразилияның футбол конфедерациясынан сыйға алған сағаттарын қайтаруға міндеттеді, деп жазады Интерфакс.

Әрқайсысының құны 25 мың еуро болатын сағаттарды 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионаты кезінде бірқатар шенеуніктерге Бразилия футбол конфедерациясының демеушілерінің бірі сыйлаған екен.

FIFA-ның Этика жөніндегі комитетінің ресми мәлімдеуінше, өз кодекстеріне сәйкес, қауымдастық қызметкерлері символикалық мәні бар сыйлықтарды ғана қабыл алуға құқылы.

Орын алған жайтқа байланысты бразилиялық тарапқа ескерту жасалды, ал FIFA қызметкерлеріне сыйлық қапшықтарын бірден тексеруге немесе сағаттарды бірден кері қайтаруға және бұл туралы қауымдастыққа хабарлауға тиіс болғандықтары жайлы айтылды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
226

БОКС: Ұлттық құрамаға Азия ойындарында бірінші орын алу міндеті жүктелді — М. Айтжанов

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының алдына Азия ойындарында бірінші орын алу міндеті қойылды. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс академиясының ашылу салтанаты барысында бокстан ұлттық құрама команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жігіттердің дайындығы өте жоғары. «Біз соңғы оқу-жаттығу жиынын Англия құрама командасымен өткіздік. Жігіттердің техника-тактикалық шеберліктерін шыңдауға барынша күш салдық. Бір реттен жаттығу сайыстарын өткіздік. Команда алдына Азия ойындарында командалық есепте бірінші орын алу міндеті қойылды. Ал бүгінгі жаңа жоба бойынша жеребе барлық команда үшін тең дәрежеде өтті деп санаймын», — деді М. Айтжанов. Бүкіләлемдік бокс академиясының ашылу салтанатынан кейін осында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының жаңа APB жобасы бойынша жеребе т…

0
0
452

Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдеге ие болды

Қыркүйектің 10-15 аралығында Жапонияның Аичи қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық Гран-при турнирінің төртінші кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жақсы өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Ол мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада көш бастаса, еркін бағдарламада бесінші орынды иеленіп, қорытындысында 159,38 балмен қола жүлдені еншіледі. Элизабет осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы», — делінген хабарламада. Енді Элизабет 1-5 қазан аралығында Дрезден қаласында (Германия) өтетін Гран-при бәсекесінің алтыншы кезеңіне және 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр. Автор: Елубай Әуезов Басты сөздер: Спорт…

1
0
258

Қазақстандық боксшылар студенттер арасындағы Әлем біріншілігінде екінші орынды еншіледі

Ресейдің Якутск қаласында бокстан студенттер арасындағы Әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясынан мәлім етті. Жерлестеріміз 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль олжалады. Ақтық сында Әнуар Мұзаппаров (52 кг) француз Маркус Гевианы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Нұрзат Сабыровтың (75 кг) ресейлік Сухроб Сидиковтан мерейі үстем болды — 2:1. Бірақ, өкінішке қарай Нұрбол Қалжанов (56 кг) ресейлік Дарман Құттыбековке есе жіберіп алды — 1:2. Мәулен Өскенбек болса (64 кг) өзбек Шахрам Гиясовтан жеңілді — 0:3. Финалда Құлахмет Тұрсынбайдың (81 кг) да жолы болмады. Ол ресейлік Имам Хатаевтан ұтылды — 1:2. Бұған дейін Олжас Байниязов (49 кг) пен Қанағат Ахметов (91 кг. жоғары) қ…

0
0
323