Әлемнің аса мықты 80 боксшысы Талғарға жиналды
Бүгін Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясына Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) жаңа APB (АИБА Кәсіпқой боксы) жобасына қатысатын әлемнің ең мықты деген 80 әуесқой боксшысы жиналды. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясынан мәлімдеді. Бұл боксшылардың арасында бес отандасымыз — Біржан Жақыпов (49 кг), Ілияс Сүлейменов (52 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Антон Пинчук (91 кг дейін) бар. Алдымен медициналық тексерулерден өткен былғары қолғап шеберлері қазір жаттығуларға кірісті. Сонымен қатар, арнайы курстарға да қатысуда. Ең соңында жігіттер жаңа жобаға байланысты фото-бейне сессияларға қатысады. Ал алдағы 17 қыркүйек күні осында Бүкіләлемдік бокс академиясының ашылу салтанаты болады. Одан кейін APB-дің (э…



