Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдеге ие болды
Қыркүйектің 10-15 аралығында Жапонияның Аичи қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық Гран-при турнирінің төртінші кезеңі аяқталды.
Аталмыш бәсекеде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жақсы өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ол мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада көш бастаса, еркін бағдарламада бесінші орынды иеленіп, қорытындысында 159,38 балмен қола жүлдені еншіледі. Элизабет осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы», — делінген хабарламада.
Енді Элизабет 1-5 қазан аралығында Дрезден қаласында (Германия) өтетін Гран-при бәсекесінің алтыншы кезеңіне және 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.
Автор: Елубай Әуезов
Басты сөздер: Спорт , Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат

