Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

FIFA қызметкерлерін ӘЧ-2014 кезінде бразилиялықтардан алған сыйлықтарын қайтаруға міндеттеді

Халықаралық футбол қауымдастығы (FIFA) өз қызметкерлерін Бразилияның футбол конфедерациясынан сыйға алған сағаттарын қайтаруға міндеттеді, деп жазады Интерфакс.

Әрқайсысының құны 25 мың еуро болатын сағаттарды 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионаты кезінде бірқатар шенеуніктерге Бразилия футбол конфедерациясының демеушілерінің бірі сыйлаған екен.

FIFA-ның Этика жөніндегі комитетінің ресми мәлімдеуінше, өз кодекстеріне сәйкес, қауымдастық қызметкерлері символикалық мәні бар сыйлықтарды ғана қабыл алуға құқылы.

Орын алған жайтқа байланысты бразилиялық тарапқа ескерту жасалды, ал FIFA қызметкерлеріне сыйлық қапшықтарын бірден тексеруге немесе сағаттарды бірден кері қайтаруға және бұл туралы қауымдастыққа хабарлауға тиіс болғандықтары жайлы айтылды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
227

Осы тақырып бойынша

FIFA қызметкерлерін ӘЧ-2014 кезінде бразилиялықтардан алған сыйлықтарын қайтаруға міндеттеді - Yvision.kz