Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОКС: Ұлттық құрамаға Азия ойындарында бірінші орын алу міндеті жүктелді — М. Айтжанов

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының алдына Азия ойындарында бірінші орын алу міндеті қойылды. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс академиясының ашылу салтанаты барысында бокстан ұлттық құрама команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жігіттердің дайындығы өте жоғары.

«Біз соңғы оқу-жаттығу жиынын Англия құрама командасымен өткіздік. Жігіттердің техника-тактикалық шеберліктерін шыңдауға барынша күш салдық. Бір реттен жаттығу сайыстарын өткіздік. Команда алдына Азия ойындарында командалық есепте бірінші орын алу міндеті қойылды. Ал бүгінгі жаңа жоба бойынша жеребе барлық команда үшін тең дәрежеде өтті деп санаймын», — деді М. Айтжанов.

Бүкіләлемдік бокс академиясының ашылу салтанатынан кейін осында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының жаңа APB жобасы бойынша жеребе тартылған болатын. Оны АИБА-ның президенті Чинг-Куо Ву мырзаның өзі жүргізді.

Сонымен, алдағы 24 қазан күні басталатын турнирде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластарының аты-жөндері белгілі болды.

Олар:

49 кг: Біржан Жақыпов  — Лу Бин (ҚХР)

52 кг: Ілияс Сүлейменов — Жасурбек Ләтипов (Өзбекстан)

60 кг: Берік Әбдірахманов  — Дэвид Джойс (Ирландия)

81 кг: Әділбек Ниязымбетов — Мэтью Байдерлик (Франция)

91 кг дейін: Антон Пинчук  — Ямил Перальта (Аргентина)

Жеребенің толық қорытындысын  www.aibaproboxing.com. сайтынан білуге болауды.

Осы жеребеден кейін, бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы өткен түнде Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласына ұшып кетті.

Басты сөздер: СпортАлматы
 
0
0
453

Осы тақырып бойынша