Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирінде аса сирек кездесетін үш соққы жасалды
Шведциялық гольфші Хоаким Лагерген «hole-in-one» жасады. Оның 140 метр жерден соққан добы ойыққа дәл келіп түсті. Ойықтың диаметрі 108 миллиметр екені белгілі.
«Кейін, турнирдің екінші, бұлтты күні 4-ші алаңқайда Уильям Харольд 255 ярдтық қашықтықтан «hole-in-one» жасады. Және бүгін турнирдің соңғы күні тоғызыншы алаңқайдың бестік парында қиындау жерде жатқан доп ойыққа бес соққының орнына екі соққымен түсіп, «альбатрос» жасалды. Оның авторы — гольфші Йокке Рокса» — деді Қазақстан Гольф федерациясының атқарушы хатшысы Константин Лифанов.
Сондай-ақ гольфші Йокке Рокса осы турнирде допты ең алыс қашықтыққа соқты. Оның соққан добы 320 метр жерге дейін ұшып барып, тоғызыншы алаңқайға түскен.
Айта кетелік, бұл жерде1 ярд — 91,44 сантиметр.
«Hole-in-one» — 3 парлық алаңқайдағы ойыққа допты бір соққымен түсіру, яғни минус 2 соққы үнемделді деген сөз.
«Альбатрос» — гольфшінің допты 5 парлық алаңқайдағы ойыққа екінші соққымен салуы, яғни үш соққы үнемделді. Бұл, гольфте аса сирек кездесетін жағдай.
«Пар» — гольфшы алаңқайдың ресми көрсетілген парына сәйкес соққы жасауы. Мысалы, 5 парлық алаңқайдың ойығына допты бес соққымен салуы.

