Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инчхон-2014: Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында алғаш рет финалға өтті, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында еліміздің командасы Өзбекстан құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бастапқы матчта қазақстандық Александр Недовесов қарсыласы Фаррух Дустовтан басым түсті. Екінші матчта Михаил Кукушкин Денис Истоминге есе жіберіп алды (6:4, 3:6, 4:6).
Шешуші жұптасып ойнау додасында Андрей Голубев пен Александр Недовесов өзбекстандық Дустов пен Истоминді жеңді.

Енді финалдық ойында біздің құрама Қытай мен Жапония арасындағы матчта жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
224

Осы тақырып бойынша

Инчхон-2014: Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты - Yvision.kz