Инчхон-2014: Стендттік оқ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды
Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында стендттік оқу атудан әйелдер арасында командалық сайыста аяқталды.
Бұл бәсекеде Мария Дмитренко, Оксана Середа, Анастасия Давыдованың жекелей сындағы көрсеткіштері есептелді.
Айта кетейік, жекелей сында Анастасия Давыдова — 71, Мария Дмитренко — 70, Оксана Середа 59 ұпай жинаған еді.
Жалпы есепте, Қазақстан құрамасы 203 ұпай (70, 66, 67) жинап, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Қытай құрамасы 199 ұпаймен (64, 68, 67) күміс еншілесе, қола медаль 198 ұпай (67, 64, 67) жинаған Солтүстік Корея спортшыларына бұйырды, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

