Максим Раков алтыннан қағылды
Инчхонда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Максим Раков (100 келі) финалда Моңғол палуанынан ұтылып қалды.
Моңғолиялық Тушинбаяр Найдан Максим Раковты жуырда Челябинскіде өткен Әлем чемпионатында да ұтқан болатын. Айта кетейік, белдесуде Раков үш рет «шидо» жазасын алды.
Айта кетейік, Инчхондағы дзюдо сайыстары осымен аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы «Азиадаға» жүктелген тапсырманы орындады. Ермек Иманбеков шәкірттерінің қанжығасында 3 медаль бар: алтын — Елдос Сметовте, күміс — Максим Раковта, қола — Азамат Мұқановта.
Ертең Dowon Gymnasium татамиінде топтық жарыстар (ерлер мен әйелдер арасында) басталады.
100 келі. Қорытынды нәтиже:
1. Тушинбаяр Найдан (Моңғолия)
2. Максим Раков (Қазақстан)
3. Гухам Чо (Оңтүстік Корея), Рамзиддин Саидов (Өзбекстан)
Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

