Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Азия ойындарындағы жетістік Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиададағы жеңістерімізге жолашар болады — Елбасы

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның құрама командасын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың және жеке өз атынан спортшыларды құттықтап, олар біздің құраманың спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтағанын айтты. «Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл — Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд», — делінген құттықтауда. Қазақстан Президенті сондай-ақ біздің құраманың…

0
0
404

ТЕННИС: Қазақстандық Ю.Путинцева Осака турнирінің екінші айналымына шықты

Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева жапондық Риса Одзакимен кездесті.

Чемпионат.ком сайтынан түскен мәліметке қарағанда, он тоғыз жасар Ю.Путинцева 7:6, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Ол ширек финалға шығу үшін британиялық Хитер Уотсонмен күш сынасады.

Осы жарыста тағы бір қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда Қытайлық Тайбэй өкілі Чань Юн-Яньмен кортқа шығады.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
190

Қызылордалық спортшы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді

Германияның Дрезден қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при додасының алтыншы кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеге 20 елден 28 спортшы қатысты.

Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, қорытындысында 164.79 баллмен  күміс жүлдеге ие болды, — деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Элизабет қыркүйек айында Жапонияда өткен Гран-при додасының төртінші кезеңінде 3-орынды иеленген болатын.

Енді Элизабет 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.

Басты сөздер: СпортҚызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
0
0
237

О. Шишигина: 2022 жылғы Олимпиаданың ең қымбат жобасы — шана-бобслей трассасы

2022 жылғы Қысқы Олимпиада Қазақстан үшін алдындағы Ресейде өткен ойындардан арзанырақ түседі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина хабарлады. «Қысқы Олимпиадаға бірнеше спорт объектісі ғана салынады. Ең қымбаты - шана-бобслей трассасы болмақ. Көптеген маңызды спорттық құрылымдар 2017 жылы Универсиадаға дейін салынады. Ол мұз айдындары, олимпиадалық ауыл», — деді О. Шишигина. Оның сөзіне қарағанда, барлық спорт нысандары халықаралық стандартқа сай салынады. Еске сала кетейік, 2 қазанда Норвегия 2022 жылы Ослода қысқы Олимпиада ойындарында өткізуден бас тартқаны белгілі болды. Осылайша 2022 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруда Алматының жалғыз бәсекелесі Бейжің ғана қалды. Басты сөздер: Спорт , Олимпиада…

0
0
296

ИНЧХОН 2014: Қазақстандық жеті боксшы — финалда

Оңтүстік Кореядағы Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның жеті боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтық бәсекеге Біржан Жақыпов (49 келі), Илияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі),  Антон Финчук (91 келі) және Иван Дычко (91 келіден жоғары) шықты.

Ақтық сайыстар 3 қазанда өтеді.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
193

ИНЧХОН-2014: Қазақстан қоржынына 21-ші алтын салынды

Каратэден 55 келіде Андрей Ақтау Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталы хабарлайды.

Андрей Ақтау 1/8 финалда Теодоро Сатурмино Колиды (Шығыс Тимор) 8:0, ширек финалда брунейлік Фидаи Саниф Мұхамадты 6:2 есебімен жеңді.

Ал жартылай финалда ол қытайлық Жингчао Санды 7:0 есебімен ұтып, финалда Абдулу Имубарак Әлхарбиден (Сауд Арабиясы) басымдылығын байқатты.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
242

Футзалдан Әлем суперкубогы: «қайраттықтар» таиландық клубты ойсырата жеңіп, финалға шықты

Алматыда футзалдан Әлемнің суперкубогының алғашқы ойындары өтті. Алматының «Қайрат» клубы Таиландтың «Чонбури» клубын қабылдап, 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл туралы «Қайрат» шағын футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады. Алғашқы таймда «қайраттықтар» бірден белсенді шабуылға көшті. Сол-ақ екен, ойынның тоғызыншы минутында Игорьдің «тоғыздыққа» тепкен добы торда тулады. Есеп 1:0. Көп ұзамай таиландық клуб есепті теңестірп кетті. Алайда «қайраттықтар» алғашқы таймның соңында бір доп соғып, тағы да алға шықты. Отандастарымыз Азия чемпиондарынан тактикалық жағынан да, техникалық жағынан басым түсіп жатты. Екінші таймда ойын сипаты өзгерген жоқ. Алматылық клуб қарсыластарды қысымға алып, шабуылдаумен болды. Көп ұзамай Кальоның шірене тепкен добы маңдайшаның астымен қақпаға еніп кетті.…

0
0
251

ИНЧХОН-2014: Жәнібек Әлімханұлы Азиаданың финалына өтті

Жәнібек Әлімханұлы Азиаданың финалына өтті.

Инчхондағы Азиадада 75 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) өз мүмкіндігін көрсетті. Ол Үндістандық Кристиан Викаштан басым түсіп, — 2:1 (28:29, 29:28, 30:27) есебімен жеңіске жетті.

Осыған дейін ақтық сынға Ілияс Сүлейменов (52 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (+91 кг) және Біржан Жақыпов (46-49 кг) жолдама алған болатын, деп жазады sports.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
172

ИНЧХОН-2014: Б.Жақыпов жартылай финалға жолдама алды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Біржан Жақыпов жартылай финалға шықты. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

49 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғаған Біржан ширек финалда малайзиялық Моххамад Мохдадан 3:0 есебімен басым түсті.

Есте болса, қазақстандық боксшы Гуанчжоу қаласында өткен Азияда ойындарында күміс медаль  жеңіп алған болатын. Бұл жолы да Біржан  кемінде қола медальмен қанжығасын майлап отыр.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
168

Н. Тiнәлиев Қазақстан қоржынына 19-шы алтын медальді салды

Грек-рим күресiнен Қазақстан құрамасының белдi балуаны Нұрмахан Тiнәлиев Инчхондағы Азия Ойындарында 130 келi салмақта алтын медаль еншiледi.

Финалда кәрiс палуаны Ким Йонгминмен кездескен ол қарсыласын 5:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Бұның алдында жартылай финалда Н. Тiнәлиев қырғыз спортшысы Мұрат Рахмоновты, ширек сында ирандық Башер Дарзи Бабажанзаденi, алғашқы белдесуде өзбек палуаны Аброрбек Мамасолиевтi айқын басымдылықпен ұтып шыққан болатын.

Осылайша Азиадада Қазақстан еншiсiнде 19 алтын, 17 күмiс, 28 қола жүлде бар.

Басты сөздер: Спорт
ИНЧХОН. ҚазАқпарат
0
0
219