ТЕННИС: Қазақстандық Ю.Путинцева Осака турнирінің екінші айналымына шықты
Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева жапондық Риса Одзакимен кездесті.
Чемпионат.ком сайтынан түскен мәліметке қарағанда, он тоғыз жасар Ю.Путинцева 7:6, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Ол ширек финалға шығу үшін британиялық Хитер Уотсонмен күш сынасады.
Осы жарыста тағы бір қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда Қытайлық Тайбэй өкілі Чань Юн-Яньмен кортқа шығады.
Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

