Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық спортшы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді

Германияның Дрезден қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при додасының алтыншы кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеге 20 елден 28 спортшы қатысты.

Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, қорытындысында 164.79 баллмен  күміс жүлдеге ие болды, — деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Элизабет қыркүйек айында Жапонияда өткен Гран-при додасының төртінші кезеңінде 3-орынды иеленген болатын.

Енді Элизабет 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.

Басты сөздер: СпортҚызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық спортшы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді - Yvision.kz