Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы жарияланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасын өткізеді. Аталған іс-шара аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды аталмыш қауымдастықтың баспасөз қызметінен. Мүшәйраға жасы 35-ке дейінгі жазба ақындар қатыса алады. Ақындар онда ұлттық спорттың кез келген түрін сипаттаған, яғни, бәйге, аударыспақ, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар жайлы бұрын ешқайда жарияланбаған жырларын ұсына алады. Байқаудың мақсаты — ұлттық спорт түрлерін насихаттау арқылы жастардың дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухты биіктету, жастардың поэзияға деген құштарлығын ар…

0
0
463

Ауыр атлетикадан ҚР чемпионатында қызылордалықтар 9 жүлде олжалады

Семей қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жеті күнге созылған жарыста 300-ге жуық зілтеміршілер кімнің мықты екенін анықтады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлайды. Аталмыш бәсекеден Қызылорда облысының құрама командасы 200 ұпаймен командалық есепте жеңімпаз атанды. 189 ұпаймен Қарағанды облысы екінші орынды иеленсе, 170 ұпаймен Алматы қаласы үшінші орынды еншіледі. Жарыс қорытындысы бойынша 62 келі салмақ дәрежесінде Арыстанбек Жақанша чемпион атанды. Ол жұлқа көтеруде 95, серпе көтеруде 121, қоссайыста 216 келіні бағындырды. 85 келіде Мейіржан Молдағали алтын жүлдені иеленді ( жұлқа көтеруде 125, серпе көтеруде 157, қоссайыста 282 келі). Мейіржа…

0
0
264

Головкин НВО нұсқасы бойынша үздік боксшылар бестігіне енді

НВО Boxing салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар бестігінің өз нұсқасын жариялады. Бұл туралы GGG-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Америкалық телеарнаның пайымынша, бұл тізімде америкалық Флойд Мейвезер көш басында.

Қазақстандық Геннадий Головкин төртінші орынға жайғасты.

Қазақстандық жұлдыз Геннадий Головкин төртінші орынға жайғасқан:

1. Флойд Мейвезер (АҚШ)

2. Андре Уорд (АҚШ)

3. Мэнни Пакьяо (Филиппины)

4. Геннадий Головкин (Қазақстан)

5. Роман Гонсалес (Никарагуа).

   
Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
263

Мәскеуде өткен дәстүрлі турнирде екі боксшымыз ресейлік қарсыластарын нокаутқа түсіріп, алтын медаль алды

Қызылордалық боксшылар Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысындағы жеңісімізге арналған дәстүрлі жарыста жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ресей Федерациясының астанасында біздің спортшыларымыз 2 алтын 2 күміс алды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық әкімдігінің сайты. Турнирге Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь елдерінен барлығы 15 команда қатысқан. Қазақстаннан Қызылордалық боксшылар барлығы 6 спортшы қатысты. Оның екеуі ұлттық құраманың сапындағы боксшылар. Олар: 75 кг салмақ дәрежесінде Рустам Сыбаев пен 91 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек Қонқабаев. Сонымен қатар, құрамада Бағдат Уайдаев — 60 кг және 52 салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен Баққожа Инатуллаев бар. Бұдан басқа 49 кг салмақта Дәулет Дәуітов пен 91 кг салмақта Темірлан Өтегендер де бар. Турнир қорытындысы бойынша Рустам С…

0
0
380

Спорт ғимараттары оқушыларға тегін болуы керек

Білім және ғылым министрлігі жергілікті жерлердегі спорт ғимараттарының оқушылар үшін тегін қызмет көрсетуі керектігі туралы мәселе көтерді. Ол туралы бүгін Парламент Сенатында спортты дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті. «Біз Мәдениет және спорт министрлігіне президенттік тест тапсыру барысындағы жетістіктері үшін оқушыларға спорттық белгілер енгізуді ұсынамыз. Бұдан бөлек, жастар арасында дене шынықтыруға, спортқа дайындық мәселелеріне қатысты мониторинг енгізілуі тиіс», — деді вице-министр. Оның айтуынша, спорт ғимараттарының қолжетімділігін қамту да өзекті мәселе. «Жергілікті атқарушы органдар спорт ғимараттарын тегін жеңілдікпен пайдалану құқығын қамтамасыз етулері керек, соның ішінде жетім балаларға спорттық ғим…

0
0
683

Қазақстандағы допингпен күрес халықаралық талаптарға сай жүргізіледі

Қазақстандағы допингпен күрес мәселесі халықаралық талаптарға сай болады. Парламент Сенатында спортты дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. Еске салайық, Үкімет сағаты «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында бұқаралық спортты заңнамалық қамту мәселелеріне арналған болатын. Министрдің сөзіне қарағанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясында спорт және дене шынықтыру саласын одан әрі дамытуда зор міндеттер жүктеліп отыр. Осы мақсатта ағымдағы жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы күшіне енген. «Жаңа заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың бірқатар бағыттағы функциялары айқындалды. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органда тұрғылықты жерлерде және халықтық демалу орындарында инфрақұрылым жасауды қолға а…

0
0
758

Ресей әлем чемпионатының логотипін ғарыштан таныстырды

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеті доп додасының логотипін ресми түрде жариялады. Логотиптің алғашқы суреті жұртшылыққа Халықаралық ғарыш станциясынан арнайы көрсетілім арқылы таныстырылды, деп жазады массагет.кз шетелдік БАҚ-қа сілтемемен. Логотипті таныстыруға арналған салтанатты кеш «Кешкілік Ургант» бағдарламасында өтті. Сыйлы қонақтар қатарында Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер, Ресей елінің спорт министрі Виталий Мутко және 2006 жылы Италия құрамасымен әлем чемпионатын жеңіп алған Фавио Каннаваро болды. Логотип қалың көпшілік назарына алғаш рет ұсынылды. Айта кетейік, төрт жылдан кейін төрткүл дүние көз тігер дүбірлі дода Ресейдің 11 қаласында өтеді. Стадиондар саны 12-ні құрайды. Қазіргі таңда ресейлі…

0
0
282

Күрестен ҚР Кубогының жүлде қоры — 30 мың доллар

Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтіп жатқпн ҚР Кубогының жүлде қоры 30 мың долларды құрады. Бұл туралы бүгін «Дәулет» спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. «Бұл Кубоктың бұрынғылардан ерекшелігі — күрестің үш түрі бойынша жарыстың бір жерде өткізілуі. Екіншіден, бұл арқылы біз әр күрестің әр өңірде қаншалықты дәрежеде дамығанын біле аламыз. Үшіншіден, спорттық жекпе-жек конфедерациясы мен күрес федерациясы бірлесе отырып, 30 мың доллар көлемінде жүлде қорын тағайындады. Мұндай қомақты қаржы бірінші рет тігіліп отыр», — деп атап өтті Республикалық күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай. Оның айтуынша, жарысқа қатысатын 16 құрама 4 квартетке бөлінген. Осы төрттіктің жеңімпаздары өзара мықтыны анықтайды. Бүгін боз кілемде грек-рим күресінің бал…

0
0
329

Жастарды «Workout» спорт түрімен айналысуға тарту керек

Мәдениет және спорт министрлігі жастарды спорттың «Workout» бағытына жаппай тартпақ. Бүгін Парламент Сенатында спортты дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. Еске салайық, Үкімет сағаты «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында бұқаралық спортты заңнамалық қамту мәселелеріне арналған болатын. «Қазір біз жастарды жаппай «Workout» спорт бағытына тарту мәселесін қарастырып жатырмыз. Спорттың бұл түрі өте ыңғайлы, қолжетімді, аулаларда орналастырыла береді, оны орнату үшін бұрынғыдай бетонмен құюдың да қажеті шамалы. Оның жабдықтары да арзан тұрады: 100 мыңнан 300 мың теңге аралығында. Біз осы спорт жабдықтарының 100 мыңға жуығын сатып аламыз ба деп отырмыз. Оларды аулаларға орналастыру оңай», — деді министр Мұхам…

0
0
291

Батысқазақстандық самбошы ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды

25-27 қазан аралығында Неа Муданья (Халкидики, Грекия) қаласында самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты өткізілді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, дүниежүзілік додада Қазақстан намысын БҚО-дан алты балуан қорғады. Жас ерекшеліктеріне және салмақтарына қарай соның үшеуі жүлделі орындарға ілікті. Әсіресе, Қазболат Құрмашев өз салмағында чемпион атанды. Ол — бұдан бұрын да осындай жарыстарда топ жарып жүрген саңлақ спортшылардың бірі. Сондай-ақ Нариман Бекқалиев екінші, Қайсар Құсайынов үшінші орынды еншіледі.

   
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
237