Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батысқазақстандық самбошы ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды

25-27 қазан аралығында Неа Муданья (Халкидики, Грекия) қаласында самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты өткізілді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, дүниежүзілік додада Қазақстан намысын БҚО-дан алты балуан қорғады. Жас ерекшеліктеріне және салмақтарына қарай соның үшеуі жүлделі орындарға ілікті. Әсіресе, Қазболат Құрмашев өз салмағында чемпион атанды. Ол — бұдан бұрын да осындай жарыстарда топ жарып жүрген саңлақ спортшылардың бірі. Сондай-ақ Нариман Бекқалиев екінші, Қайсар Құсайынов үшінші орынды еншіледі.

   
ОРАЛ. ҚазАқпарат
 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

Батысқазақстандық самбошы ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды - Yvision.kz