Алматыда тұңғыш рет дәстүрлі садақ атудан «Алтын Мерген» халықаралық фестивалі өтті
Бүгін Алматыда елімізде тұңғыш рет дәстүрлі садақ атудан «Алтын Мерген» халықаралық фестивалі өтті. «Мұндай шара елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырғандықтан болар, оған қатысушылар саны аса көп болған жоқ. Бәсекеге 13 мерген қатысты. Олардың ішінде 7 садақшы қазақстандықтар болса, қалған 6 садақшы Қырғызстаннан келді. Олар 30 метрлік қашықтықтан жебені нысанаға дәл тигізу бойынша бақтарын сынады» — деді ҚазАқпарат тілшісіне «Көшпенділер Атамұрасы» халықаралық қоғамдық қорының президенті Батыржан Сейдомар. Жарыста бірінші орынды қазақстандық мерген Рафаэль Төлеген жеңіп алды. Екінші және үшінші орынды қырғызстандық садақшылар Рүстем Ноғайбаев және Еділбек Сағынбаев иеленді. Жеңімпаздар Кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Айта кетелік, «Көшпенділер Атамұрасы» халықаралық қоғамдық қо…


