Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Күрестен ҚР Кубогының жүлде қоры — 30 мың доллар

Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтіп жатқпн ҚР Кубогының жүлде қоры 30 мың долларды құрады. Бұл туралы бүгін «Дәулет» спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«Бұл Кубоктың бұрынғылардан ерекшелігі — күрестің үш түрі бойынша жарыстың бір жерде өткізілуі. Екіншіден, бұл арқылы біз әр күрестің әр өңірде қаншалықты дәрежеде дамығанын біле аламыз. Үшіншіден, спорттық жекпе-жек конфедерациясы мен күрес федерациясы бірлесе отырып, 30 мың доллар көлемінде жүлде қорын тағайындады. Мұндай қомақты қаржы бірінші рет тігіліп отыр», — деп атап өтті Республикалық күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай.

Оның айтуынша, жарысқа қатысатын 16 құрама 4 квартетке бөлінген. Осы төрттіктің жеңімпаздары өзара мықтыны анықтайды.

Бүгін боз кілемде грек-рим күресінің балуандары белдесіп жатыр. Ал 31 қазан мен 1 қарашада еркін күрес шеберлері күш сынасады. 2 қараша күні спортсүйер қауым әйелдер арасындағы күресті көре алады. Жарыс «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
330

Осы тақырып бойынша

Күрестен ҚР Кубогының жүлде қоры — 30 мың доллар - Yvision.kz