Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандағы допингпен күрес халықаралық талаптарға сай жүргізіледі

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
Қазақстандағы допингпен күрес мәселесі халықаралық талаптарға сай болады.  Парламент Сенатында спортты дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Еске салайық, Үкімет сағаты «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында бұқаралық спортты заңнамалық қамту мәселелеріне арналған болатын.

Министрдің сөзіне қарағанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясында спорт және дене шынықтыру саласын одан әрі дамытуда зор міндеттер жүктеліп отыр. Осы мақсатта ағымдағы жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы күшіне енген.

«Жаңа заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың бірқатар бағыттағы функциялары айқындалды. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органда тұрғылықты жерлерде және халықтық демалу орындарында инфрақұрылым жасауды қолға алады. Екіншіден, жергілікті жерлердегі спорт нысандарын пайдалану қолжетімділігі артады. Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес, допингпен күрес мәселелері тексеріліп, ол халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп жатыр», — дейді министр А. Мұхамедиұлы.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Қанат Мәметқазыұлы
 
0
0
759

Осы тақырып бойынша

Қазақстандағы допингпен күрес халықаралық талаптарға сай жүргізіледі - Yvision.kz