Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

БОКС: Назым Қызайбай — әлем чемпионы!

Оңтүстіккореялық Чеджу қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай әлем чемпионы атанды.

Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Назым финалда үндістандық Шамджетсабам Сарджубаланы 3:0 есебімен ұтты.

Алматы қаласының өкілі, жиырма бір жасар Назым Қызайбай бұдан екі жыл бұрын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Айта кетейік, бүгін 81 келіден астам салмақта тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева финалда алтын жүлде үшін таласады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
1069

Самбо: қазақстандық Г.Тұрмаханова әлем чемпионы атанды

Жапонияның Нарита қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.

Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 52 келі салмақта әйелдер арасында қазақстандық Гауһар Тұрмаханова чемпион атанды. Ол финалда ресейлік Анна Харитоновадан басым түсті. Сондай-ақ жарыстың екінші күні ерлерден қазақстандық Асылбек Әлкей 74 келі салмақта қола жүлдеге ілінді. Әскери самбодан Руслан Аушев 100 келіден жоғары салмақта тағы бір қола жүлдені еншіледі.

Әлем чемпионаты ертең мәреге жетеді.

0
0
273

Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы Гран-при турнирінде Д.Тен үшінші орынды иеленді

Францияның Бордо қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі мәреге жетті.

Алғашқы күні қазақстандық Денис Тен қысқа бағдарламасын тамаша сырғанап, ең жоғары ұпайға қол жеткізіп, топ бастаған болатын. Еркін бағдарламаға қазақы ою-өрнегі бар костюмін киіп шыққан Денис, өкінішке қарай, бірнеше қателіктерге бой алдырды.

Сөйтіп Гран-при сериясының бұл кезеңінде екі күннің қорытындысы бойынша 243,35 балл жинаған ресейлік Максим Ковтун жеңіске жетті. Жапондық Тацуки Матида 237,74 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал Денис Тен 236,28 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.

0
0
462

АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: қазақстандық спортшы «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды

Жаңа ғана «Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінің аренасында аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» Халықаралық турнирінде 70 келі салмақ дәрежесінде «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуі үшін болған сайыс аяқталды. Қазақстандық сайыскер Қуат (лақап аты «Найман») Хамитов бразилиялық Тиаго Луиз (лақап аты «Нигао») Насчиментоны айқын басымдықпен жеңді. Сайыс басталысымен шабылға шығып, соққы жасаған қарсыласын Хамит жерге атып ұрды. Дегенмен, бір-біріне соққы жасауға мүмкіндік бермеген қос сайыскерді төреші тұрғызып жіберді. Бірақ, кезекті қарсыласын кезекті рет жерге атып ұрған Хамит, оны соққының астына алды. Бразилиялық есеңгіреп, қарсыласудан қалған соң, төреші 1-раундтың 3 минут 40 секундында сайысты тоқтатты. Осылайша Қуат кезекті қарсыласын «көміп тастап», «Alash Pride FC»…

0
0
1230

Бокс: қос бірдей қазақ қызы әлем чемпионатының финалына шықты

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қос бірдей қазақ қызы финалға шықты. Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, алдымен Назым Қызайбай 48 келі салмақта жапон қызы Мадоку Вадуды 3:0 есебімен жеңіп, соңғы айқасқа жолдама алды. Оның финалдағы қарсыласы — үндістандық Шамджетсабам Сарджубала. Кеше кешкісін Ләззат Күнгейбаева да 81 келіден астам салмақта түрік қызы Эмине Боздуманды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бүгін ол шешуші шайқаста ресейлік Зенфира Магомедалиевамен шаршы алаңға шығады. Алматы қаласының намысын қорғап жүрген 21 жасар Назым 2012 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін айта кетейік. Ал астаналық, 1987 жылғы Л.Күнгейбаева — 2012 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Сөйтіп, әлем чемпиона…

0
0
236

ДЗЮДО: Руслан Әбдіразақов — Қазақстан чемпионы

Шымкент қаласында дзюдодан ересектер арасында (ерлер және әйелдер) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен республикамыздың барлық облыстарынан 500-ге жуық татами шеберлері қатысты.Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесулер ерлер және әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде өтті. Аталмыш жарыс келесі жылы Астана қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Чемпионат қорытындысында 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Әбдіразақов Қазақстан чемпионы атанды. 100 келіде Әділхан Қозыбаев пен 70 келіде Динара Қодарова күміс жүлдені иеленсе, 63 келіде Мөлдір Болатбекова мен +78 келіде Қымбат Тұршабек қола жүлдеге қол жеткізді. Енді сп…

0
0
326

Облыс әкімі ауыр атлетикадан күміс жүлдегер Жазира Жаппарқұлға 3,5 млн. теңгенің сертификатын табыс етті — ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Алматы қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында 69 кг. салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған Жазира Жаппарқұл мен оның жаттықтырушысы Ню Славикті қабылдап, жеңістерімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметінен. Спортшылармен болған кездесуде өңір басшысы мемлекеттік қодаудың арқасында талай дарынды спортшыларымыз түрлі деңгейдегі спорттық додаларда топ жарып, ел намысын қорғап жүргендігін атап өтті. Ауыр атлетикадан әлемдік жарыста Оңтүстік аруының тұңғыш рет биік нәтиже көрсетіп отырғандығы барша қазақстандықтардың отансүйгіштік рухын асқақтатты деп бағалады. Талантты спортшымыз бен оның жаттықтырушылары Олимпиадалық ойындарда да биіктен көрінед…

0
0
287

Марат Жәкиев «Astana-Arlans»-тың бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

«Astana-Arlans» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне Марат Жәкиев тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметінен. Марат Исағалиұлы 1968 жылы 12 қыркүйекте Маңғыстау облысында дүниеге келген, жоғары білімі бар. 1986 жылдың 12 мамырынан КСРО спорт шебері, бокстан КСРО құрамасының мүшесі. Бокспен 1980-1997 жылдар аралығында айналысқан. 2005 жылғы әлем және Азия чемпионы Е.Жаңабергеновтың, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Ә. Ниязымбетовтің жаттықтырушысы. Клубтың қамқорлық кеңесінің шешімімен «Astana-Arlans»-тың бас директоры болып 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Сәпиев тағайындалды. Серік Жұманғалиұлы өз қызметіне ағымдағы жылдың соңында, Англиядағы оқуын аяқтағаннан кейін кіріседі. Еске сала кетейік, клубты…

0
0
499

ТЕННИС: Е.Королев спорттық мансабын аяқтады

Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Евгений Королев спорттық мансабын аяқтайтындығын жария етті. Ол 2010 жылдың қаңтарынан халықаралық турнирлерде Қазақстан атынан өнер көрсеткен еді, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен. «Спорттық мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдау оңай тиген жоқ. Негізгі себебі — денсаулық. Соңғы 3 жылда мен өте ауыр ота жасаттым, жарақаттар да сыр бере бастады. Дегенмен, спорттан бас тартпаймын, өйткені, теннис — бұл менің өмірім, алдағы уақытта жаттықтырушы болуды жоспарлаудамын», — деді Е.Королев. ҚР Теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев өз сөзінде Е.Королевке еліміздегі теннис спортының дамуына сіңірген зор үлесі үшін алғысын білдірді. «Ол біздің елімізді халықаралық турнирлерде лайықты көрсете білді. Құрама сап…

0
0
452

Алматыда футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық раунды өтеді

Алматыда ертең, 20 қараша күні футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық раунды басталады. Бұл туралы «Қайрат» мини-футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін турнирде «С» тобындағы командалар өнер көрсетеді. Олар: «Қайрат» (Алматы), «Спортинг» (Франция), «Никарс» (Латвия) және «Экономац» (Сербия) мини-футбол клубтары. «Қайрат» командасы 20 қараша күні «Никарспен», 21 қарашада «Спортингпен» және 23 қарашада «Экономац» командасымен кездеседі. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын алған команда УЕФА Кубогы үшін болатын жарыс жолын одан әрі жалғастырады. Бұл күні сонымен қатар, Барселона (Испания), Хрудим (Чехия) және Спортинг (Португалия) қалаларында басқа топтағы командалардың ойындары басталады. Автор: Жаппарберген Айбота Басты сөздер: Спорт , Ал…

0
0
218