Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық раунды өтеді

Алматыда ертең,  20 қараша күні футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық раунды басталады. Бұл туралы «Қайрат» мини-футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін турнирде «С» тобындағы командалар өнер көрсетеді. Олар: «Қайрат» (Алматы), «Спортинг» (Франция), «Никарс» (Латвия) және «Экономац» (Сербия) мини-футбол клубтары.

«Қайрат» командасы 20 қараша күні «Никарспен», 21 қарашада «Спортингпен» және 23 қарашада «Экономац» командасымен кездеседі.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын алған команда УЕФА Кубогы үшін болатын жарыс жолын одан әрі жалғастырады.

Бұл күні сонымен қатар, Барселона (Испания), Хрудим (Чехия) және Спортинг (Португалия) қалаларында басқа топтағы командалардың ойындары басталады.

 
Басты сөздер: СпортАлматы
 
0
0
219

Осы тақырып бойынша

Алматыда футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық раунды өтеді - Yvision.kz