ІІ «Eurasia Barysy» турнирінде ел намысын қорғайтын палуандарымыз анықталды
ІІ «Eurasia Barysy» турнирінде ел намысын қорғайтын палуандарымыздың есімдері белгілі болды. Жеңіс Биткөзов баптайтын ұлттық құраманың сапына сайдың тасындай іріктелген бес палуан жиналды, деп хабарлайды kazakhstanbarysy.kz. Атап айтқанда, дүбірлі додаға қатысатын 1990 жылы дүниеге келген Абзал Арыстанбековтың бойы — 170 см, салмағы: 62 келі. Ол — қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2013 ж.), Әлем чемпионы (2013 ж.) Азия чемпионы (2014 ж.). Ал 1993 жылы туған палуан Қайрат Ағыбаев (бойы — 168 см, салмағы — 72 келі) дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионы (2012 ж.), Еуропа кубогының қола жүлдегері (2012 ж.) және дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж.). Бойы 179 см, салмағы — 81 келі Дәулетхан Жақыпов 1992 жылы дүниеге келген. Ол — 2013 жылы қазақ күре…



