Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Волейболшы Сәбина Алтынбекова Гонконгта жанкүйерлерімен кездесті

Волейболшы Сәбина Алтынбекова Гонконгта

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова Жаңа жылды алғаш рет туған қаласы — Ақтөбеден тыс жерде мерекелейді.

Қазақстандық спортшы Гонконгқа келіп жетті, бұл жерде оны жүздеген жанкүйері қарсы алды, деп хабарлайды vesti.kz.

Жанкүйерлерімен кездесу кезінде бойжеткен күткізгені үшін кешірім сұрады: ол келіп жеткен ұшақтың рейсі кешігіп қонды. Олай болғанымен, бұл спортшының жанкүйерлерінің көңіл күйін бұзған жоқ. Алтынбекова да оларды сүйетінін айтып, көбімен суретке түсіп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, Сәбина Алтынбекова Гонконгқа жергілікті волейбол құрамасымен тәжірибе алмасу мақсатында келді. 2014 жылдың «ғаламтор сенсациясы» деп аталып кеткен бұл бойжеткен сондай-ақ жергілікті танымал адамдармен де кездеседі.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
219

ESPN телеарнасы Головкин-Гил кездесуіндегі нокаутты жыл үздігі деп таныды

ESPN телеарнасы Владимир Кличконың орындауындағы Курбат Пулевтың нокаутын осы жылдағы үздігі деп атады. Сонымен бірге телеарнаның шолушылары көңіл аударарлық басқа да нокауттарды тізіп шықты. Солардың ішінен олар Геннадий Головкинің соққысынан кейін Дэниэл Гилдің жұдырықтасуға әл-дәрмені қалмағандығын атап көрсетті, деп хабарлады sports.kz. «GGG нокаутқа жіберуді жақсы біледі. WBA/IBO-ның орташа салмақтағы чемпионы барлық белсенді титул иегерлерінің ішінде нокауттар жағынан ең жоғары пайызға (90,3 пайыз) ие. Гилді екінші раундта-ақ есеңгіреткен Головкин кездесуді үшінші раундта аяқтады. Ол Гилға есеп ашты, алайда соңғысының аяқтары өзіне бағынбады және рефери Майкл Ортега раундты 2 минуты 43 секундында тоқтату туралы шешім қабылдады», — деп жазады ESPN телеарнасының сайты. Басты сөздер: С…

0
0
278

Алматы облысының әкімі А.Баталов ауыр атлетикадан үздік бапкерлерді марапаттады

Облыс әкімі Амандық Баталов 2014 жылғы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында жоғарғы спорттық нәтижелер көрсеткен Алматы облысының спортшылары мен жаттықтырушыларын қабылдап, оларды марапаттады. Атап айтқанда, ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Алматы қаласында өткен ересектер арасында әлем чемпионатында күміс медаль иеленгені үшін Владимир Седовқа облыс әкімінің алғыс хаты және 1 267 000 теңгенің сертификаты тапсырылды. Сондай-ақ Зүлфия Чиншанлоны дайындағаны үшін ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ниге облыс әкімінің алғыс хаты және 1 810 000 теңгенің сертификаты, ал Владимир Седовты дайындағаны үшін ауыр атлетикадан жаттықтырушы Сергей Седовқа облыс әкімінің алғыс хаты және 905 000 теңгенің сертификаты табысталды. Зүлфия Чиншанло бұл…

0
0
435

БОКС: Г.Головкин Sports Illustrated нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атағын ала алмады

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Sports Illustrated нұсқасы бойынша, 2014 жылдың «Жыл боксшысы» атағынан құр қалды, деп жазады sportnews.kz. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, «Жылдың үздік боксшысы» деп ресейлік боксшы Сергей Ковалев танылды. Sports Illustrated Ковалев пен Хопкинстің жекпе-жегін жылдың ерекше сайысы деп атады. Еске салайық, бұған дейін Сергей Ковалев WBO нұсқасы бойынша да жыл боксшысы деп танылған. Ковалев кәсіпқой рингте 27 кездесу өткізіп, оның 26-да (23 нокаут) жеңіске жетті, тек біреуінде ғана «итжығыспен» аяқтады. Айта кету керек, Ковалев сондай-ақ BWAA бокс туралы жазатын журналистер қауымдастығы нұсқасының беделді таңдауы «Жыл боксшысы» атағына таласушылар қатарында. Жерлесіміз Геннадий Головкин Spo…

0
0
322

ҚР Президенті Қазақстанға 2022 жылы Қысқы Олимпиада не үшін қажет екенін түсіндірді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жетекші телеарналары журналистеріне берген сұхбатында Қазақстанға 2022 жылы Қысқы Олимпиада не үшін қажет екенін түсіндірді. «Мұндай алып Олимпиаданы Қазақстан мен Алматы есімдерін асқақтату үшін өткізгіміз келетін сияқты. Бір жағынан, кей адамдар «қаншама шығын кетеді, мұның өзі қажет пе, жоқ па» деп ойлайды. Мен де бұл туралы көп ойладым, көп ақылдастым. Бірақ бұл жерде бірнеше нәрсені естен шығармау керек. Бізде, Алматыда олимпиадаға жарайтын биік тау сырғанағы дайын, әлемдік дәрежедегі трамплин де дайын, биатлон жолын Азиадаға арнап салғанбыз. 2017 жылы Қысқы Универсиада болады, қазір біз жаттығатын және негізгі ойындарға арналған 12 мың адам сыятын екі стадионның құрылысын аяқтап қалдық», — деді Н.Назарбаев. Мемлекет…

0
0
253

Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «селфи» үлгісінде суретке түсті. Спортшы ақсүйек әулеттің өкілімен түскен фотосуретін Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.

«Монако ханшайымы — Александра Ганноверскаямен! Бұл бірінші кездесуіміз емес, бірақ бірінші селфиіміз!», — деп жазған спортшы.

Жас ханшайым Александра Ганноверская да мәнерлеп сырғанаумен айналысады, оның футболға қызығатыны да белгілі. Оның анасы — Монако ханшайымы Каролина Луиза Маргарита (Caroline Louise Marguerite) Ренье ІІІ және ханшайым Грейстің үлкен қызы.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
310

Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады

Монте-Карло, Астана, Лондон және Мехиконы қамтыған ауқымды медиа-турдан кейін WBA/IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин Big Bear лагерінде Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындық маусымын бастады, деп хабарлады BoxingScene.com. Абель Санчестің қолдауымен Головкин 2015 жылдың 21 ақпанында Монте-Карлода өз титулын қорғауы керек. «Менің соңғы бірнеше апта бойы уақытым болмады. Бірақ маған бүкіл әлем бойынша журналистермен және жанкүйерлеріммен уақыт өткізген өте ұнады. Мен өзімнің бапкеріммен дайындықты бастап, Монте-Карлода кезекті керемет кездесуді өткізуді жоспарлап отырмын», — деді Головкин Лас-Вегастағы WBC конвенциясында. Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super) и WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен брит…

0
0
266

Бейбіт Шүменов «крузервейттегі» алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы  Бейбіт Шүменов ұзақ демалыстан кейін қайта рингке шығып, крузервейттегі (200 фунт (90.718 кг)) алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп жазады sports.kz.

Оның қарсыласы америкалық кіші Бобби Томас болды. Кездесудің бесінші раундында рефери ойынды тоқтатты. Осылайша жерлесіміз айқын басымдықпен кәсіби рингтегі 15-жеңісіне қол жеткізді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
1
0
197

Мэнни Пакьяо: Флойд Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды»

Жұма күні жартылай орташа салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Мэйуэзер WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Пакьяомен  2 мамырда кездесуге ниетті екенін айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.

«Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды». Менімен кездесуден басқа амалы қалмады. Мен жекпе-жекті қызықты өткізуге тырысамын. Бірақ ол кездесуді қызықты өткізуге атсалысады деп ойламаймын. Оның қалай жұдырықтасатынын білесіздер, іш пыстырарлық көрініс. Осыған дейінгі кездесулерінде ұйықтап қала жаздағанбыз», — деді Пакьяо.

Мэйуэзер кәсіби рингте барлық 47 кездесуінде жеңіске жетті. Пакьяо 64 жекпе-жекте 57 рет жеңді, бес рет жеңілді және екі рет қарсыласымен тең түсті.

АСТАНА. ҚазАқпарат
Басты сөздер: ӘлемСпорт
0
0
292

МОГУЛ: Әлем кубогы кезеңінде Ю.Галышева жеңімпаз атанды

13 желтоқсан күні Финляндияда әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева жұптық могулден жеңімпаз атанды.

Ол финалда канадалық атақты апалы-сіңлілердің бірі — Хлоя Дюфур-Лапуантты ұтты.

Еске сала кетейік, биылғы Сочи олимпиадасында Ю.Галышева жүлдеге іліге алмаған еді. Бұған, бір жағынан, төрешілердің төмен баға қоюы әсер етті. Осыған ренжіген Юлия спорттық жолын аяқтамақшы болған. Дегенмен ол пікірінен айныған Ю.Галышева осы жеңісімен әлемдегі мықты могулшілердің бірі екендігін дәлелдеп отыр.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
404