Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады

Монте-Карло, Астана, Лондон және Мехиконы қамтыған ауқымды медиа-турдан кейін WBA/IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин Big Bear лагерінде Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындық маусымын бастады, деп хабарлады BoxingScene.com.

Абель Санчестің қолдауымен Головкин 2015 жылдың 21 ақпанында Монте-Карлода өз титулын қорғауы керек.

«Менің соңғы бірнеше апта бойы уақытым болмады. Бірақ маған бүкіл әлем бойынша журналистермен және жанкүйерлеріммен уақыт өткізген өте ұнады. Мен өзімнің бапкеріммен дайындықты бастап, Монте-Карлода кезекті керемет кездесуді өткізуді жоспарлап отырмын», — деді Головкин Лас-Вегастағы WBC конвенциясында.

Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super) и WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Мюррейдің кездесуі 21 ақпан күні Ларвотто (Монако) ауданындағы Salle des etoiles аренасында өтеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
267

Осы тақырып бойынша

Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады - Yvision.kz