IWF президенті Елбасына Алматыда Ауыр атлетикадан ӘЧ табысты өтуіне байланысты алғыс білдірді
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының табысты өтуіне байланысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Тамаш Аяннан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Автор өзінің хатында Алматыда өткен чемпионат осы жарыс түрінің тарихындағы ең табысты турнир болғанын атап өткен. Соған орай ол Мемлекет басшысына, Үкімет мүшелеріне және спорт қайраткерлеріне аталған жарысты лайықты деңгейде ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлінгені үшін ризашылығын білдіреді. IWF президенті сондай-ақ Қазақстан атлеттері жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айта отырып, жалпы бұл турнир нәтижелері бүкіл әлемде зор резонанс тудырғанына тоқталады. Сонымен қатар хатта Алматыда халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы конгресі өткені, оның бар…

