Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «селфи» үлгісінде суретке түсті. Спортшы ақсүйек әулеттің өкілімен түскен фотосуретін Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.
«Монако ханшайымы — Александра Ганноверскаямен! Бұл бірінші кездесуіміз емес, бірақ бірінші селфиіміз!», — деп жазған спортшы.
Жас ханшайым Александра Ганноверская да мәнерлеп сырғанаумен айналысады, оның футболға қызығатыны да белгілі. Оның анасы — Монако ханшайымы Каролина Луиза Маргарита (Caroline Louise Marguerite) Ренье ІІІ және ханшайым Грейстің үлкен қызы.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

