WSB маусымында «Astana Arlans» тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
WSB матчы бойынша «Rafako Hussars Poland» клубымен кездескен «Astana Arlans» польшалықтарды 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп жазады Sports.kz.
Нақтырақ айтқанда, 49 келі салмақтағы Жомарт Ержан Давид Себастьян Ягодзинскийден үстем түссе, Мейірболат Тоитов (56 келі) Сильвестр Гржегорж Козловскийден басым болды. Ал Самат Башенов (64 келі) Казимирв Гржижтовв Леговскийді техникалық нокаутпен жеңді.
Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) Томаш Яблонскийді, Василий Левит (91 келі) Игорь Павел Якубовскийді ұтты.
Алдағы 21 наурыз күні боксшыларымыз Шымкент қаласында әзербайжандық «Azerbaijan Baku Fires» клубымен кездеседі.

