Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Индиан-Уэллс турнирінде З.Дияс атышулы С.Уильямспен кездесе ме?

Бүгін, 11 наурыз күні АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында теннистен әйелдер арасында халықаралық турнир басталады. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, онда әлемдік рейтингте көш бастап келе жатқан американдық Серена Уильямс, сондай-ақ ресейлік Мария Шарапова, румыниялық Симона Халеп және басқа күштілер сынға түседі. Әлемнің 32-інші, осы турнирдің 28-інші ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс өзге де таңдаулы ойыншылар қатарында жарысты екінші айналымнан бастайды. Онда хорватиялық Донна Векич немесе американдық Луиза Чириконың біреуімен кездеседі. Бұл екеуі де — он сегіз жастағы жас ойыншылар. Егер Зарина үшінші айналымға өтсе, онда атышулы С.Уильямстың өзімен шеберлік байқасуы әбден ықтимал. Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздескен З.Дияс әлемнің үздік он теннисшісі қ…

0
0
134

Пол Малиньяджи: Головкин әлі де ең мықты боксшы деңгейіне жеткен жоқ

Екі салмақ санатындағы бұрынғы әлем чемпионы Пол Малиньяджи   WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы  әлем чемпионы Геннадий Головкин әлі  де өзін үлкен сынақтарда  көрсетуі қажет, оның ашылмаған тұстары жетерлік деп есептейді.

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Головкиннің Коттомен жекпе-жегін көргім келеді. Геннадий орта салмақтағылардың көпшілігімен жекпе-жекке шыға алмайтын жағдайға түсті. Головкин Уорд сияқты аса мықты орта салмақтылармен айқаста басым көрінетініне күмәнім бар. Әрине, Головкин өте мықты, рингте өзін еркін сезінеді. Ақылды әрі айлалы боксшы. Бірақ бұл оның осал тұсы жоқ дегенді білдірмейді. Өткен аптада Головкиннің аз-маз кемшіліктері де байқалып қалды», — деді Малиньяджи.

0
0
262

«Астана Арландары» қатарынан сегiзiншi жеңiсiне қол жеткiздi

«Астана Арландары» Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) кезектi матчында «Касикес Венесуэла» командасын тiзе бүктiрдi.

Венесуэлада өткен кездесуде қазақстандық боксшылар 3:2 есебiмен жеңiске жеттi. Соңғы маңызды ұпайды 91 келiден жоғары салмақта Филипп Хргович алып бердi. Екiншi раундта ол Эдгар Муньосты сұлатты. Осылайша, «Астана Арландары» қатарынан сегiзiншi рет жеңiске жетiп отыр.

0
0
251

БОКС: APB жекпе-жектерін өткізудің тұрақты кезеңдері жарияланды

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) APB (АИБА Кәсіпқой Боксы) жобасының матчтарын өткізудің тұрақты кезеңдерін жариялады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Енді алғашқы циклдың алғашқы матчтары үстіміздегі жылдың 29 мамырында өткізіледі. Әрбір салмақ дәрежесіндегі 8 боксшы чемпиондық белбеуге жаңа үміткерді анықтау үшін әдеттегідей рейтингтері бойынша 2 жекпе-жектен өткізетін болады. Ал кейін үміткер қазіргі чемпионмен кездеседі. APB-дің әрбір циклы бес айға жуық уақытқа созылады және екі рейтингтік, бір «белбеулік» кездесуден тұрады. Яғни, жыл сайын APB жобасының әрбір 10 салмақ санаты бойынша «титулдық» кездесулерден тұратын екі циклы өткізіледі. Қазір әлемнің көптеген қалалары тарапынан APB жобасының жекпе-жектерін өткізу бойынша…

0
0
295

Астанадағы «Бұрқасын-2015» шаңғы мерекесіне 3 мыңнан астам елордалық қатысты

Астанада Есіл өзені бойындағы қалалық саябақта жылдың басты шаңғы мерекесі «Бұрқасын-2015» өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына орайластырылған жарыс Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға 3000-нан астам елордалық қатысты. Соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, оқу орындарының ұстаздары, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының және елордадағы мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғам өкілдері, сондай-ақ қала қонақтары болды. «Бұл Астана үшін өте маңызды күн. Осы қала әкімдігі мен Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұй…

0
0
488

Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев төрт континент чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетеді

Бүгін Корея астанасы Сеулде төрт континент чемпионаты басталды, деп хабарлады Sports.kz.

Ерлер қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Жарысқа 26 спортшы қатысуда, соның ішінде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы — Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев бар.

Қысқа бағдарлама Астана уақытымен сағат 14:15 басталады. «KAZsport» арнасы жарысты тікелей эфирде көрсетеді.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
222

Қызылордалық спортшылар ел чемпионатынан 11 медальмен оралды

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дзю-додан 1998-1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс ұлдар арасында 9 салмақта, қыздар арасында 8 салмақта өткізілді. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Дүбірлі бәсекеде Қызылорда облысының спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында — Алматы облысы, үшінші орында Жамбыл облысы спортшылары.

 
Басты сөздер: Қызылорда облысыСпорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
0
0
306

Головкин мен Мюррейдің кездесуінде Пуэрто-Рико маманы төреші болады

Луис Пабон

Геннадий Головкин — Мартин Мюррей жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды.  Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Шаршы алаңда пуэрториколық Луис Пабон төрешілік етеді, деп хабарлады BoxingScene.com.

Қапталдағы төрешілер ретінде америкалық Стэнли Кристодолу мен Фернандо Барбоза, сонымен қатар канадалық Джек Вудберн тағайындалды.

Еске сала кетейік, жекпе-жек 21 ақпанда Монте-Карлода өтеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
263

«Сарыарқа» жыл сайын өтетін ЖХЛ чемпионатының жеңімпазы атанды

Волгалық «Ариаданы» жеңген қарағандылық «Сарыарқа» мерзімінен бұрын Жоғары хоккей лигасының жеңімпазы атағын иеленді. Бұл туралы «Сарыарқа» ХК сайтынан хабарланды. 12-минутта-ақ Сергей Огородников ойын есебін ашты. Кезеңнің аяқталуына бір жарым минут қалғанда жерлестеріміз ұпай санын арттырды — 2-0. Содан қырық секундтан кейін Андрей Плехановтан шайба алған Эрик Шевченко қарсылас қақпасына жауапсыз үшінші шайбаны салды. Екінші кезеңде де тартысты ойын болды. Волгалықтар қақпашыны ауыстырып, шабуылға көшті. Кезеңнің ортасына дейін нәтижесіз ойын көрсеткен «Ариада» ойыншылары дүркін-дүркін шабуылдап, жерлестеріміздің қақпасына алғашқы шайбаларын дарытты. Алайда бұл қуаныштары су сепкендей басылды. 32 секундтан соң Константин Савенков қарсыластардың қақпасына жауапты голды салды. Үшінші жиыр…

0
0
271

Қазақстандықтар велоспорттан Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатқан Накхон Радчасима қаласында велотрек бойынша жарыс аяқталды. ҚР құрамасы 6 жүлдеге ие болды, оның бесеуін жасөспірімдер олжалады, деп хабарлады Қазақстанның велосипед спорты федерациясының баспасөз қызметінен. Ересектер арасында Артем Захаров медальға қол жеткізді. Ол омниумде 3-орынға ие болды. Құрамында Сергей Шатохин, Асылхан Тұрар, Алішер Хұмақан және Владимир Цой бар төрттік командалық жарыста алтыннан алқа тақты. Екінші және үшінші орынды корейліктер мен жапондықтар өзара бөлісті. Нәзік жандылар тобы бұл сында қола жүлдеге ие болды. Құрама құрамында: Светлана Рябова, Татьяна Генелёва, Надежда Генелёва, Виктория Пастарнак болды. Надежда Генелёва 20 шақырымды бағындырып, екінші орынға ие болды. Жеке сында ол тағы шеберлігін көрсетіп, қола алқаға…

0
0
385