Қанат Исламның қарсыласы ауысты
23 наурызда бірінші орта салмақтағы 30 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралмақ.
Бастапқыда Қанат атағы шыға қоймаған колумбиялық боксшы Карлос Гальванмен (10-2-1, 9 КО) кездесуі тиіс болатын, бірақ белгісіз себептермен ол жекпе-жектен бас тартты.
Енді қазақстандыққа басқа колумбиялық боксшы Орландо Хесус Эстрада (11-6-1, 9 КО) қарсы шығатыны белгілі болды. Ол Қанат Исламға тиесілі WBA Fedelation титулы үшін бақ таластырады.
Орландо Де Хесус Эстрада бірінші орта салмақ боксшылары арасында рейтингте 354-ші орында, деп хабарлайды sports.kz

