Жазғы трансфер қызып тұр
…Біздікі тек «көрпемізге қарай көсілейік» деудің кері. Ең бастысы, футболымызға жалақысы аса жоғары футболшылар келіп, ауызсу мен жарықтың, газ бен жылудың бағасы қымбаттамаса болды да. Футболдан біздің елдегі жазғы трансфер кезеңі шектен тысқызып тұр. Нағыз науқан. Құдды, нағыз қазақы бәсеке. Бүгін бір клуб өзімізге танымал бір футболшымен келсісмшартқа отырса, ертеңінде басқа бір командамыз құрамын ТМД-ға танымал теңбіл доп шеберімен толықтырып, бір-бірінен асып түсіп жатыр… Келе берсін. Қазақ футболының деңгейін өсіріп, тасымызды (тасымызды емес-ау, добымызды) өрге домалатса, нұр үстіне нұр. Тек ертең сол футболшыларға ақша тауып бере алмай, жалақыларын төлей алмай, ырду-дырду болмаса болды да. Ондайда, жалақы ала алмай жүрген футболшылар Қазақстан футбол федерациясына шағымданады, ал…



