Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жанат Жақиянов кәсіпқой бокстағы 20-шы жекпе-жегін никарагуалық Мишел Эскобармен өткізеді

Бүгін Ұлыбританияның Белфаст қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов никарагуалық Мишел Эскобармен рейтингтік жекпе-жек өткізеді. Қазіргі таңда Испанияда тұратын қарсыласы бұған дейін 15 кездесу өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жетіп, сегізінде жеңіліс тапқан болатын. Кәсіпқой бокста ол 2009 жылы 13-ші маусымдағы тұңғыш жекпе-жегіндегі жеңілістен кейін қатарынан 7 рет басым түсіп, одан кейін 7 рет жеңілістің дәмін татқан еді. Соңғы кездесуін 14-ші маусымда Францияда жергілікті боксшы Гуиллауми Френойспен өткізіп, тағы да тауы шағылды. Ал кәсіпқой бокс рингінде 2007 жылдан бері бақ сынап келе жатқан Жанат Жақиянов болса осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізіп, тек 1 рет ғана жеңілістің ащы дәмін татты. Онда да Алматы мен Шымкент қалаларында өткен 5 жекпе-жектен кейін, қатарынан 9…

0
0
312

Бурабайда триатлон бойынша құрлықтық дода өтті

 

Триатлон шеберлері Бурабайда бас қосты. Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін құрлықтық додаға 9 елден 40-тан астам спортшы жиналған.

«Үш сайыс» деп аталатын жарысқа қатысушылар алдымен жүзуден, кейін велобәйге мен жеңіл атлетикадан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша ресейлік спортшылар жеңімпаз атанды. Ел намысын қорғаған Кирилл Уваров пен Оксана Грот сәйкесінше екінші және үшінші сатылардан көрінді. Сонымен қатар бәсеке барысында жастар және жасөспірімдер арасындағы  жарыстар ұйымдастырылды. Триатлоннан Азия кубогының кезекті кезеңі Көкшетауда өтеді деп жоспарланған.

0
0
301

Біздің Бартез

«100 жылдыққа– 100 футболшы»:Олег Воскобойников Қақпашы жарты команда деген түсінік бар. Сондай-ақ, әр елдің өз Бартезі болады дегендей, біздің елде үш жыл қатарынан ең үздік ойыншы атанған бір қақпашы бар, оның есімі – Олег Воскобойников Оле́г Игоревич Воскобойников – 1971 жылы 4 маусымда Алматы қаласында дүниге келген. Олегтің футболға деген қызығушылығын оятқан әкесі еді. Игорь да кезінде Тараз жерінде доп тепкен кәсіби футболшы. Баласын жас кезінде қатал тәртіппен, жаттығудан қалмауын үнемі қадағалап отыратын. Олег Алматыда туғанымен, балалық шағы осы Тараз қаласында өтті. Ал спорт мектебіне барғанда, алғашқы бапкері – Төлеген Шәріпұлы Орымбаев болды. Төлеген бапкер шәкіртіне футболдың қыр-сырын үйретті. Негізі бұл бапкерден бірнеше танымал футболшылар тәлім алған. Бағлан Ергешев, Мак…

0
0
659

Тайлақ көтерген балуан-студент

Сту­денттер күнде өздері көріп жүретін осы жігіт «түйе көтеріпті» дегенді естігенде сен­беген де. Қайдан сенсін, екі иығына екі кісі мінгендей алып емес, өздерімен бірге жүрген жігіт емес пе… Бірер күннен соң қазақ күресі жанкүйерлерінің назары Астанаға ауады. Себебі «Сарыарқа» велотрегінде «Қазақстан Барысының» ақтық сыны өтеді. Осындай дүбірлі додаға іріктеу сындарынан іркілмей өткенімен, оқу-жаттығу жиындарында жарақат алып, қатыса алмай жүрген талантты жастар да баршылық. Солардың бірі – Алматы қаласындағы Спорт және туризм академиясының ІІІ-курс студенті Олжас Қайратұлы. Жақында осы талантты жігітпен тілдесіпқайтқан едік. Балуан жігіт Алматы облысы Алакөл ау­даны Жоңғар қақпасы деген жерде туыпты. Балуандық өнер ата-бабаларынан дары­ған секілді. Әкесі ат құлағында ой­наған, өз өңірін…

0
0
1560

Алматыда бильярд спортынан Әлем чемпионаты өтеді

 

Алматыда 6-9 шілде күндері бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтеді. Онда 5 шілде күні жеребе тартылып, төрешілер өзара кеңес құрады. Бас қазының міндетін Беларусь елінің халықаралық дәрежедегі төрешісі Юрий Черванев атқармақ.

Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 64 спортшы қатыспақ. Оның 8-і Қазақстаннан, Ресей, Украина, Беларусьтен бес-бестен, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстаннан төрт-төрттен, Молдова, Латвия, Литва, Армения, Грузиядан екі-екіден, біреуі Эстониядан, қалған 10-ы алыс шет мемлекеттің өкілдері болмақ. Ал украиналық Ярослав Тарновецкий мұнда ұлттық федерацияларға берілген лимиттен тыс қатысып, өткен жылы Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында жеңіп алған Әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.

0
0
284

Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан чемпионат өтеді

Фото дереккөзі: vesti.kz

 

1-5 шілдеде Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан 35-ші әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Дзюдо федерациясы

«Чемпионатқа 31 елдің 300-ден астам әскери спортшысы қатысады. Атақты қонақтардың арасында 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері польшалық Роберт Кравчук, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы қытайлық Ян Сюли, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы бразилиялық Сара Менезес және т.б. спортшылар бар», — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрамасында қазіргі ұлттық құраманың спортшыларды да өнер көрсетеді. Еліміздің намысын 32 балуан қорғайды.

Көрермендерге кіру тегін.


0
0
257

Президент Кубогы үшін жарыста ел құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

 

Еліміздің волейболдан әйелдер құрамасы «Қазақстан Президентінің Кубогы-2013» халықаралық бәсекесінде үшінші мәрте топ жарды.  Бұл туралы  Vesti.kz жазды.

Доданың үшінші күні жерлестеріміз 3:2 есебімен әзербайжандық волейболшылардан басым түсті. Бұған дейін еліміздің бірінші құрамасы 3:2 есебімен Белоруссияның өкілдерін сүріндірсе, Екатеринбордан келген «Уралочка-2» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстанның екінші құрамасы қытайлық «Ляонин» командасына 0:3 есебімен жол берді. Өз кезегінде белоруссиялық нәзік жандар «Уралочка-2» 3:0 есебімен жеңді.

Бүгін еліміздің бірінші және екінші құрамасы өзара бақ сынасады. Кездесу Павлодардың «Астана» мұз сарайында Астана уақыты бойынша сағат 17:00 өтеді


0
0
406

1 шілдеден бастап «KazSport» телеарнасы іске қосылады

 

2013 жылдың 1 шілдесінен бастап отандық телевизия кеңістігінде «KazSport» телеарнасы өз жұмысын бастайды, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокешені.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жаңа спорттық телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ телевизиялық бірлестігіне кіреді. Бірлестік құрамына «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Мәдениет», «Балапан» телеарналары мен 14 өңірлік телеарна кіреді. Бұл «KazSport» телеарнасына Қазақстанның барлық өңірінен тікелей көрсетілімдер жасауға мүмкіндік береді. «KazSport» телеарнасын «Отау ТВ» ұлттық телехабар жүйесі мен кабельді операторлар бағдарламаларынан көруге болады.

Телеарна тәулігіне 20 сағат бойы хабар тарататын болады.

Арнаның ресми ашылуы 1 шілде күні сағат 10.00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.


0
0
313

FILA рейтингіне 15 балуанымыз енді

Халықаралық күрес түрлері федерациясы балуандардыңмаусым айындағы рейтингін түзді. Бұл жолы екі балуанымызүздік үштіктен көрініпті. Нұрмахан Тынәлиев 3-орында болса, Татьяна Аманжол өз салмағында әлем балуандарының көшін бастады. Бұған дейін қыздар күресінде 51 келінің көшін канадалық Джессика Макдональд бастап тұрған. Италияның Сассари қаласында өткен Гран-При кезеңіндегі жеңісінен кейін Татьяна канадалық балуанды арттақалдырды. Сондай-ақ, осы салмақта тағы бір жерлесіміз Кристина Яловенко 4-орыннан көрініпті. Грек-рим күресінде Нұрмаханнан бөлек, Жансерік Сәрсенбиев 55 келіде 12-орында, Алмат Кебіспаев 60-келіде үздік ондықта, 66 келіде ЕрболҚоңыратов та 10-орында, 74 келіде Досжан Қартықов 13-орында болса, 96 келіде Ерұлан Ысқақов рейтингтің 11-сатысына орналасты. Еркін күресте Расул Қ…

0
0
281

Жылдың басты бәсекесі

Кеше «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының ұйымдастыруымен 30 маусым күні Астанада қазақ күресінен Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық кездесуіне байланысты жиын өтті. Кездесуде Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов биыл осымен үшінші жыл қатарынан елімізде «Қазақстан барысы» жобасының жүзеге асып, қазірде оның қарқыны күшейіп, көрермендер санының артып келе жатқанын, қазақ күресін насихаттауда және дамытуда аталған турнирдің мәні мен маңызын айтып, оның болашақта әлемдік деңгейдегі үлкен жобалардың бірі болатынына сенімін білдірді. Одан кейін мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт биылғы турнирге балуандардың дайындығы, төрт ай бойы еліміздің жер-жерінде өткен іріктеу жарыстары…

0
0
373