ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан чемпионат өтеді

Фото дереккөзі: vesti.kz

 

1-5 шілдеде Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан 35-ші әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Дзюдо федерациясы

«Чемпионатқа 31 елдің 300-ден астам әскери спортшысы қатысады. Атақты қонақтардың арасында 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері польшалық Роберт Кравчук, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы қытайлық Ян Сюли, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы бразилиялық Сара Менезес және т.б. спортшылар бар», — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрамасында қазіргі ұлттық құраманың спортшыларды да өнер көрсетеді. Еліміздің намысын 32 балуан қорғайды.

Көрермендерге кіру тегін.