ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Алматыда бильярд спортынан Әлем чемпионаты өтеді

 

Алматыда 6-9 шілде күндері бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтеді. Онда 5 шілде күні жеребе тартылып, төрешілер өзара кеңес құрады. Бас қазының міндетін Беларусь елінің халықаралық дәрежедегі төрешісі Юрий Черванев атқармақ.

Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 64 спортшы қатыспақ. Оның 8-і Қазақстаннан, Ресей, Украина, Беларусьтен бес-бестен, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстаннан төрт-төрттен, Молдова, Латвия, Литва, Армения, Грузиядан екі-екіден, біреуі Эстониядан, қалған 10-ы алыс шет мемлекеттің өкілдері болмақ. Ал украиналық Ярослав Тарновецкий мұнда ұлттық федерацияларға берілген лимиттен тыс қатысып, өткен жылы Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында жеңіп алған Әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.