Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дзюдошылар Жұмақанов пен Ордабаева Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

Кувейтте өткен Азия чемпионатында 66 кг салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шыққан Елдос Жұмақанов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды sports.kz.

Ол алдымен үндістандық спортшыны тізе бүктірді. Содан кейін екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері өзбекстандық Рашид Сабыровты жеңді. Өкінішке орай, жартылай финалда жапондық спортшы Томофуми Такаджоға есесін жіберіп алды. Қола жүлде үшін күресте Елдос Қытайдан келген Дуанбин Маны жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Ал әйелдер арасында өткен белдесуде 63 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Мариан Ордабаева қола жүлдегер атанды

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
239

Осы тақырып бойынша

Дзюдошылар Жұмақанов пен Ордабаева Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды - Yvision.kz