Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

МЮ Роналду үшін 80 миллион фунт төлеуге дайын

«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Star. Ол ақпарат бойынша ағылшын клубы 28 жасар футболшы үшін 80 миллион фунт стерлингке шығындалуға әзір. Осыған дейін кейбір батыстық БАҚ өкілдері «Реалдың» экс-президенті Висенте Кальдеронаның Роналду мадридтіктердің қазіргі басшысы Флорентино Переспен келісе алмай жүргендігі жөнінде айтқан мәлімдемесін жазған болатын. Бейресми ақпараттар бойынша, Перес «МЮ» клубының атқарушы директоры Эд Вудвордпен португалдықтың трансферін талқылау үшін кездескен көрінеді. Алайда бұл ақпараттар әзірге расталған жоқ. Айта кетейік, Роналду 2012/13 жылғы маусымында Испания чемпионатында 34 матчқа қатысып, 34 голмен көзге түсті. Сондай-ақ ол чемпиондар Лигасында да кездесулер өткізіп, 12 р…

0
0
263

Қазақстандықтар «Ақтөбе» мен «Брейдаблик» арасындағы ойынды тамашалай алмауы мүмкін

Исландиялық «Брейдаблик» ФК «KAZsport» телеарнасына 8 тамызда «Ақтөбе» ФК-мен өтетін матчтың тікелей көрсетілімін ұйымдастыру туралы сауалға ресми жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz. Исландия телевидениесі аталған ойынның түсірілімін жоспарлап отырған жоқ. «KAZsport» телеарнасы телесигнал алмасу – 1 тамызда Ақтөбеден көрсетілім ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Бірақ, исландықтар бұл ұсыныстан бас тартты. «KAZsport» телеарнасы осы ойынды түсіріп, сигналды Қазақстанға көтеретін серіктестері арқылы Исландиядан көрсетілім ұйымдастыруды пысықтап жатыр. Қазіргі уақытта бұл көрсетілімді ұйымдастырудың құны есептелуде. Еске сала кетсек, кеше Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдабликпен» ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жауапты…

0
0
266

Желаяқтарымыз желпіндіре ала ма?

Алдын ала таратылған мәліметтерге сү­йенсек, биылғы біріншілікке әлемнің 201 елі қатысуға ниетті көрінеді. Спорт­шы­лар­дың саны әлі нақтыланған жоқ. Дегенмен Усейн Болт бастаған «Спорт падишасының» барлық үздіктері Ресей астанасына ағыла­ры анық. Тамыздың 10-ы мен 18-і аралығында Ресей астанасы Мәскеудің«Лужники» стадионында жеңіл атлетикадан кезекті әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің 201 елі қатысатын дүбірлі додаға біздің желаяқтар да тас түйін дайын. Осыған орай, жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вячеслав Сокирко Мәскеуде өнер көрсететін спортшыларымызды көпшілікке таныстырды. Биыл 14-інші рет өтетін әлем чемпиона­тын өз жерінде өткізуге әу баста Мәскеуден бөлек, Испанияның Барселона, Австралия­ның Брисбен және Оңтүстік Кореяның Тэгу қалалары да үмітті болған. 200…

0
0
441

Олар Бразилияға барады...

Тамыздың 26-31 аралығында Бразилия астанасы Рио-де-Жанейро қаласында дзюдодан 28-і әлем біріншілігі басталады. Дүниежүзілік додадан Қазақстан дзюдошылары да сырт қалмайды. Тамыздың 26-31 аралығында Бразилия астанасы Рио-де-Жанейроқаласында дзюдодан 28-і әлем біріншілігі басталады. Дүниежүзілік додадан Қазақстан дзюдошылары да сыртқалмайды. Ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Иманбеков«Алаш Аренаға» Бразилияға аттанатын дзюдошылар есімін жария етті. 60 келі: Елдос Сметов, Асхат Тельманов Ең жеңіл салмақтағы балуандарға әлбетте сенім артамыз. Себебі, ұлттық құрама балуандарының ішінде тұрақты өнер көрсетіп, жүлделі орынға ілігіп жүрген осы екі жігіт. Алматыда өткен дзюдошылардың жаттығу жиынында Асхат та, Елдос та Риодағы бәсекеде бар күшін салып белдесетінін жеткізген болатын. 66 келі: Серг…

0
0
480

Азия чемпионатын жеңіспен бастадық

Бүгін Манилада (Филиппин) баскетболдан ерлер арасындағы ХХVІІ Азия чемпионаты басталды. Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Таиланд тарландарымен өткізіп, 81:67 есебімен басым түсті. Бүгін Манилада (Филиппин) баскетболдан ерлер арасындағы ХХVІІ Азия чемпионаты басталды. Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Таиланд тарландарымен өткізіп, 81:67 есебімен басым түсті. Бұл ойында Антон Пономарев құрама қоржынына 21 ұпай, ал «жаңа қазақ»Джерри Джонсон 15 ұпай салды. Қалған ойыншыларымыздың техникалықкөрсеткіштері: Рустам Мырзағалиев – 13 ұпай, Дмитрий Климов – 12 ұпай, Рустам Ерғалиев – 7ұпай, Виталий Лапченко – 6 ұпай, Константин Двирный – 4 ұпай, Александр Жигулин – 3 ұпай. * * * 11 тамызға дейін созылатын ХХVІІ Азия чемпионатына «Сарықұрлықтың» 16үздік құрамасы қатысуда. Олар төрт т…

0
0
572

«Ақтөбе» «cиқырлы қақпаның» құлпын бұзды

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдаблик» командасын жеңді. Марат Хайруллиннің соңғы минуттағы пенальтиден соққан голы ойын тағдырын шешті. Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдаблик» командасын жеңді. Марат Хайруллиннің соңғы минуттағы пенальтиден соққан голы ойын тағдырын шешті. «Ақтөбе» — «Брейдаблик» (Коупавогюр, Исландия) 1:0 Гол: Хайруллин, 90-пен. «Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Арзуманян (Кенжесариев 61), Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Ковальчук (Гейнрих 73), Кападзе, Давыдов (Гридин 79) «Брейдаблик»: Гуннлейфссон, Троост, Ингасон, Йонссон К., Маргейрссон, Хрейдарссон, Лидссон (Элисабетарсон 79), Гардарссон (Сигурдссон Э. 64), Йеоман, Рохде, Хрейнссон (Вилья…

0
0
426

Гарет Бэйлдің құнына жаңа команда құру

«Реал» командасының Гарет Бэйл үшін ұсынып отырған сомасына жазғы маусымда жаңа команда құруға болатын еді. Испан журналистерінің сөзіне сенсек, «корольдік клуб» валиялық ойыншы үшін 100 миллион еуроны қолма-қол төлеп бермек. Және аталған сома футбол тарихында бұрын-соңды болып көрген емес. Мұнша қаржыға өзге де жақсы ойыншыларды сатып алып, толық бір бүтін команда түзуге болар еді. Ендеше, сол құрамнан табылуы мүмкін болған жаздық ауысымдар. Алдымен, қақпаға «Фулхэм» 5,6 миллион еуроға сатып алған Мартен Стекеленбургті қоямыз. Ал қорғаныс шебінде «Боруссияны» «Шалькеге» ауыстырған (1 миллион) Фелипе Сантана, «Ливерпульге» тегін барған Коло Туре, «Фенербахчеге» ауысып барған (5,5 миллион) Бруну Алвеш тұрады. Оларға талас ретінде Эрик Абидаль, Мартин Демичелис пен Фернандо Аморебьеттелерді…

0
0
358

Қарағандыда жаңа стадион салынады


Қарағандыда жаңа стадион салынады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев Твиттердегі парақшасында Қарағандының таяудағы құрылыс жоспарлары туралы хабарлады.

«Қаланың бас құрылыс жоспарында жаңа стадион болады!», — деп жазды мәжілісмен.

Sports.kz порталының хабарлауынша, дәл қазір қарағандылық «Шахтер» команданың қазіргі стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, Чемпиондар лигасы ойындарын Астанада өткізуде.

0
0
316

Михаил Гурман: «Шахтерге» босаңсымау қажет»

Елорданың «Астана-Арена» стадионында Албания чемпионы «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңген Қарағандының«Шахтерін» құттықтаған Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман КФЛ сайты арқылы «кеншілерге» алдағы ойында да босаңсымау керек екенін ескертті. Михаил Гурман, КФЛ төрағасы: — Албания чемпиондарына еш мүмкіндік бермей, керемет жеңіске жеткен «Шахтер» жанкүйерлерін кезекті рет қуантты.»Кеншілер» үлгілі ойын өрнегін көрсетіп, жауапты ойын алдындаөздеріне жайлы есепті жасап алды. Барлық голдар әсем, бәрі де керемет стильде соғылып, команданың ойынына әр бере түсті. Стадионға келіп, «кеншілерге» қолдау көрсеткен көрермендердің көптігі де қуантты. Шынын айтсам, стадионға осынша адам жиналады деп ойламаппын. Жанкүйерлердің қолдауы керемет болды. Жалпы, қай қаладан екеніне қарам…

0
0
276

Ерлер футбол командасының бірінші әйел-бапкері

Алдарыңызда 25 жастағы Тихана Немчич. Ол «Виктория Ваковац» деп аталатын хорват футбол командасының бас бапкері. Өткен жылдың қазан айында Тихана өзінің барлық стереотиптерін шетке қойып, ерлер футбол командасының тұңғыш әйел-бапкері болуы арқылы өзіне жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұрынғы модель, «Мисс Спорт Хорватия-2008» байқауының финалисі және кәсіби ойыншы (футболдан Хорватияның әйелдер құрамасының футболшысы қызы) 5-дивизионда өнер көрсететін NK Viktorija Vojakovac (Виктория Ваковац) клубының бас бапкері қызметіне шақырылған болатын. Айта кетсек, Тихана жаңа қызметке тағайындалғаннан соң ғана клуб басшылығы бапкер қыздың Загреб Университетінде дене шынықтыру және спорт саласы бойынша жоғары білім алғандығын білген. 2012 жылы спортшы қыз тізе жарақатын алуына (2002 жылдан бері Тихана «Дин…

0
0
691