Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Михаил Гурман: «Шахтерге» босаңсымау қажет»


михаил гурман

Елорданың «Астана-Арена» стадионында Албания чемпионы «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңген Қарағандының«Шахтерін» құттықтаған Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман КФЛ сайты арқылы «кеншілерге» алдағы ойында да босаңсымау керек екенін ескертті.

Михаил Гурман, КФЛ төрағасы:

—  Албания чемпиондарына еш мүмкіндік бермей, керемет жеңіске жеткен «Шахтер» жанкүйерлерін кезекті рет қуантты.»Кеншілер» үлгілі ойын өрнегін көрсетіп, жауапты ойын алдындаөздеріне жайлы есепті жасап алды. Барлық голдар әсем, бәрі де керемет стильде соғылып, команданың ойынына әр бере түсті.

Стадионға келіп, «кеншілерге» қолдау көрсеткен көрермендердің көптігі де қуантты. Шынын айтсам, стадионға осынша адам жиналады деп ойламаппын. Жанкүйерлердің қолдауы керемет болды. Жалпы, қай қаладан екеніне қарамастанкөрермендердің жұдырықтай жұмылып, қазақстандық командағақолдау білдіріп отырғаны қуантады. Ал «Шахтер» өз кезегінде стадионға жиналған жанкүйелерге шаттық сыйлап, үміттерін жүз пайызға ақтады.

Алда әлі жауапты кездесуі бар. Босаңсымау керек. Кешегі жеңістерімен құттықтай келе «кеншілерге» жауапты ойында да сәттілік тілеймін. Жеңіспен оралып, Қазақстанның барша футболсүйер қауымын қуанта беріңіздер!

 
0
0
276

Осы тақырып бойынша

Михаил Гурман: «Шахтерге» босаңсымау қажет» - Yvision.kz