Қарағандыда жаңа стадион салынады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев Твиттердегі парақшасында Қарағандының таяудағы құрылыс жоспарлары туралы хабарлады.
«Қаланың бас құрылыс жоспарында жаңа стадион болады!», — деп жазды мәжілісмен.
Sports.kz порталының хабарлауынша, дәл қазір қарағандылық «Шахтер» команданың қазіргі стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, Чемпиондар лигасы ойындарын Астанада өткізуде.

