Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Желаяқтарымыз желпіндіре ала ма?

Д.Карпов

Алдын ала таратылған мәліметтерге сү­йенсек, биылғы біріншілікке әлемнің 201 елі қатысуға ниетті көрінеді. Спорт­шы­лар­дың саны әлі нақтыланған жоқ. Дегенмен Усейн Болт бастаған «Спорт падишасының» барлық үздіктері Ресей астанасына ағыла­ры анық.

Тамыздың 10-ы мен 18-і аралығында Ресей астанасы Мәскеудің«Лужники» стадионында жеңіл атлетикадан кезекті әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің 201 елі қатысатын дүбірлі додаға біздің желаяқтар да тас түйін дайын. Осыған орай, жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вячеслав Сокирко Мәскеуде өнер көрсететін спортшыларымызды көпшілікке таныстырды.

Биыл 14-інші рет өтетін әлем чемпиона­тын өз жерінде өткізуге әу баста Мәскеуден бөлек, Испанияның Барселона, Австралия­ның Брисбен және Оңтүстік Кореяның Тэгу қалалары да үмітті болған. 2007 жылдың 27 наурызында өткен IAAF Атқару комите­ті­нің алқақотанында Ресей астанасы басым дауысқа ие болып, дүбірлі доданы өз же­рінде өткізу құқығын жеңіп алды. Ал Тэгуге 2011 жылғы дүбірлі доданы өз жерінде өт­кізу бақыты бұйырған-ды.

Алдын ала таратылған мәліметтерге сү­йенсек, биылғы біріншілікке әлемнің 201 елі қатысуға ниетті көрінеді. Спорт­шы­лар­дың саны әлі нақтыланған жоқ. Дегенмен Усейн Болт бастаған «Спорт падишасының» барлық үздіктері Ресей астанасына ағыла­ры анық. Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрынғыәлем чемпионатына 203 ел­ден 2000-ға жуық атлет қатысқан болатын.

Ал Қазақстанның намысын Мәскеуде 17 спортшы қорғайды. Олардың жетеуі ерлер болса, оны нәзік жандыларымыз. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Вячес­лав Сокирконың айтуынша, әлем чемпио­на­тына тек бұған дейінгі жарыстарда нор­мативті орындап, лицензияға қол жеткіз­гендер ғана қатыса алады екен.

Мәскеу додасының алдындағы іріктеу жарыстарында 17 атлетіміз әлем чемпио­на­ты­ның нормативін орындай алды. Әл­бетте, жерлестеріміз жүлдеге таласады де­ген үміттеміз. 800 метрге жүгіруде Марга­рита Мұқашеваға, көпсайыста Дмитрий Кар­повқа үміт артамыз. Сондай-ақ егер бабы мен бағы қатар шапса, биіктікке секі­руде Марина Аитова да үздіктер қатарынан көрінуі мүмкін. Одан бөлек, сырықпен секіруде Никита Филип­пов те жақсы нәти­же көрсетіп жүр. Ал жақында ғана дүниеге сәби әкелген Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова біраз уақытқа демалыс алды. Оның орнын әлем чемпио­натында Ирина Эктова басады. Жалпы, біздің мақсатымыз – Мәскеуде өтетін дү­ние­жүзілік додада барынша сәтті өнер көр­сетіп, келесі жылғы жазғы Азия ойын­да­рына тыңғылықты дайындалу. Өзіміздің бар өнерімізді сол кезде көрсетуге ты­ры­самыз, — деді Вячеслав Сокирко.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

 
0
0
440

Осы тақырып бойынша

Желаяқтарымыз желпіндіре ала ма? - Yvision.kz