Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Гвардиоланы не күтіп тұр?

Хосеп Гвардиоланы жаңа маусымда не күтіп тұр? «Боруссия» жаңа маусымға дайын ба? Клопптың аяқалысы қандай болмақ? Мюнхендік «Бавария», үлкен қуанышқа орай, «Боруссияға» есе жіберіп, Суперкубок жолында ойсырай жеңілді. Үлкен қуаныш деп отырғанымыз, неміс бундеслигасының жаңа маусымдағы қызыққа толы тартысы белгілі болып қалды. Үлкен қуаныш та емес шығар, әрине, («Баварияның» жанкүйерлеріне көңіл білдіре кетсек) бірақ, бұл жылы бір чемпион, бір ғана «неміс машинасының» мерейі үстем болып тұрмасы анық айқындалды. Қалай ойлайсыз, бапкерлік тізгінді қолға алған 42 жастағы испандық маманды (Гвардиоланы айтам) жаңа маусымда не күтеді? Көрді, білді, тоқыды. «Боруссияның» оңай шағылар жаңғақ емесін тануға мүмкіндік туды. Клопп бастаған тәлімгерлер осы қарқынынан таймаса, чемпиондық тәжді иемденуге…

0
0
391

Алғашқы қарсылас – Германия

Сондай-ақ биыл қыздарымыздың әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу додасына да араластыны да белгілі. Жуырда тартылған жеребе бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Үндістан командаларымен бір топқа түсті. Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2 тамыз күні Гран-При – 2013 додасы аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Қарсыласы – Германия құрамасы. Александр Гутор жаттықтыратын қыздарымыз жуырда Хорватия жерінде дайындықтарын пысықтады. Бас бапкер хорват еліндегі оқу-жаттығу жиыны ойдағыдайөткенін, волейболшы қыздарымыздың айтулы жарысқа жақсы дайындықпен келгенін хабарлады. Оның айтуынша, Хорватияда біздіңқұрама сол елдің екінші ұлттық командасымен бес партиядан тұратын жолдастық кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіпті. Командамыздың бетке ұст…

0
0
222

Мәскеуге баратын спортшылар белгілі болды

Мәскеуде 10-тамыз күні жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Еліміздің атынан сынға түсетін, халықаралық дәрежедегі турнирлерде жолдама алған 17 спортшының есімдері белгілі болды. Мәскеу төріне жеңіл атлетикадан аттанатын ұлттық құраманың сапында 7 ер, 10 әйел еліміздің атынан бақ сынасады. Ерлер құрамында — Георгий Шейко және Виталий Аничкин (спорттық жүріс), Михаил Красилов (марафон), Роман Валиев (үш қарғып секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру), Константин Сафронов (ұзындыққа секіру) және Дмитрий Карпов (онсайыс), ал әйелдер құрамында — Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Маргарита Мукашева (жүгіру), Галина Кичигина, Айман және Шолпан Қожахметова (спорттық жүріс), Анастасия Сопрунова (кедергілерді секіріп өту), Марина Аитова (биіктікке секіру), Ирина Карпова (жетісайыс), Ири…

0
0
383

«Астанада» ауыс-түйіс тамамдалды

Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» клубы құрамын біраз екшеді. Бірнеше тәжірибелі ойыншысымен арадағы келісімшартты ұзартпаған елордалық клуб солардың орындарын толықтырып болғандай. Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» клубықұрамын біраз екшеді. Бірнеше тәжірибелі ойыншысымен арадағы келісімшартты ұзартпаған елордалық клуб солардың орындарын толықтырып болғандай. Өткен маусым аяқталысымен, мамыр айының ортасында «Астана» бірнеше баскетболшысымен жылы қоштасқан болатын. Елорда клубы құрылғалы команда сапында ойнап жүрген Максим Воейковпен және Всеволод Фадейкинмен арадағы келісімшарттар екіжақты шешім бойынша үзілді. Екеуі де – қазақстандық ойыншылар. Екеуіне де мүмкіндік берілген. Команда бапкерлері екеуінің әлеуеттері мен деңгейлерінің қ…

0
0
507

«Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңді

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Астанадағы «Астана Арена» стадионында қарағандылық «Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz. Виктор Кумыков «Скендербеу» үшін бұрыннан нәтиже берген үш шабуылдаушы жүйесін шығарды. Рохер Каньяс айып добы қақпадан жанай өтті. Соның арқасында қарағандылықтар бұрыштама соғуға мүмкіндік алды. Допты алған Алдин Джидич бұрыштамада басымен гол соқты, есеп 1:0. Албандықтар қанша тырсқанымен нәтиже шығара алмады. Үзілістен кейін қарағандылықтар барынша сақ ойнады. Қарсыластар белсенді шабуылдаса да жолдары болмады. Бір жолы Бакари Нимага айып добын қатты бергенімен доп қақпа шетін жанап өтті, қарағандылықтар үшін бұл сәттілік еді. Гедиминас Вичюстің пасынан Роман Муртазаев тағы бір го…

0
0
376

Астанада 74 шақырым велобан салынады

Астанада велосипедшілер мен велоспорт әуесқойларына арналған ауқымды велобандар салынады, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасай отырып. «2011 жылы Үкімет қаулысымен бекітілген Астананың бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін велобандар салу көзделген» — деп көрсетілген жазбада. Велобандардың ұзындығы 74 шақырым болмақ, сондай-ақ, велосипед жолдары, тұрақ орындары, орындықтар және велосипедтерді жалға алу бекеттері салынады. Бұдан басқа велосипед жолдарының қала көшелерімен қиылысатын жерлерінде жол өтпесі, бағдаршамдар және пандустар салу жоспарланған. Велосипед жолдарының үш типі болады. Бұл тек велосипедшілерге ғана арналған жол, көлік жолындағы бетон қоршаумен немесе белгімен оқшауланған велосипед жолы және жаяу жүрг…

0
0
388

Қазақстанның волейболшы бойжеткені Вьетнамда ең әдемі ойыншы атанды

Вьетнамның Ниньбина қаласында әйелдер арасында «Вьетнам теледидары» кубогының халықаралық бәсекесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Оған алты ұлттық құрама – алаң иелері, Австралия, Таиландтың жастары, Қазақстанның екінші құрамасы және қытайлық Shandong және Jiangsu атты екі клуб қатысты. Қазақстанның Людмила Перевертова жаттықтырған командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Олар тек Таиландтың жастарын жеңді. Қуаныштысы сол, сайыс қорытындысында Қазақстан құрамасының сапында ойнаған 17 жастағы біздің облыстың «ШығысСвинецСтрой» командасының ойыншысы Әлия Баткулдина турнирдің ең әдемі («Ару VTV-Eximbank Cup 2013») волейболшысы атанды. Бойы екі метр қызымыз теледидар кубогына қатысқан бойжеткендердің ішінде ең көріктісі деп танылды. Ал кубокты Jiangsu командасы иеленді. Қытайлық клуб өтке…

0
0
363

Қазақстандық шабандоздар Достастық Кубогын жеңіп алды

Ресей Федерациясы Рязань облысы Спасск-Рязаньский қаласында 27-28 шілде аралығында өткен халықаралық додада сәйгүліктер сынға түсті, деп жазады Sports.kz kazequestrian.org сайтына сілтеме жасап.

Командалық есепте қазақстандық төрт шабандоз Қойшиев Есенаман (Үштоған), Мұқырбаев Бектас (Жары), Ереков Әнес (Жас Аққанат) пен Долгих Наталья (Чекист) жеңіске жетті.

0
0
293

Қазақстандық екі спортшы муайтайдан Еуропа чемпионы атанды

Қазақстандық муайтай шеберлері Вадим Лопарев пен Еламан Саясатов Еуропа чемпиондары атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнир Португалия астанасы Лисабонда өтті. Онда ересектерден бөлек, жастар да күш сынасты. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа екі категория бойынша да спортшылар қосқан еді. Нәтижесінде жастар бес медаль, оның ішінде бір алтын алқа олжалады. 45-келіге дейінгі салмақта атыраулық Еламан Саясатов жеңіс тұғырынан көрінді. Одан бөлек тағы үш спортшы Абылай Құралбаев (48 келіге дейін), Райымбек Сембек (60 келіге дейін) және Олжас Қалижанов (71 келіге дейін) финалға шығып, алайда қарсыластарына жол беріп қойып, нәтижесінде күміс медальдарға ие болды. Тағы да бір отандасымыз Қуаныш Сауатов (75 келіге дейін) қола медальмен марапатталды. Еліміздің ересектер командасы да жаман өне…

0
0
485

Василий Ломаченко кәсіпқой боксқа өтті

Украиндық боксшы Василий Ломаченко Top Rank промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды «Р-Спорт». Яғни ендігі кезекте боксшы мансабын кәсіпқой рингте жалғастырмақшы. Ломаченко жаңа мансабы жолында алғашқы кездесуін жартылай ауыр салмақта (57,153 келіге дейінгі) өткізетіндігі белгілі болды. Ал осыған дейін ол алғашқы кездесуде-ақ чемпиондық белбеуді иеленгісі келетіндігін мәлімдеген еді. Естеріңізге салсақ, қазақстандық бокссүйер қауым украиндық боксшымен WSB сериясы финалдық кезеңі аясындағы Ukraine Otamans пен Астана Арланс арасында елордада өткен кездесуден жақсы таныс. Ол осы кештің басты бәсекесі болған «арландардың» капитаны Самат Бәшеновпен өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен еді. Алайда оның бұл жеңісі украиндықтарға жарыста топ жаруға мүмкіндік берген жоқ. Васил…

0
0
248