Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамодан» ұтылды

Қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа Лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында киевтік «Динамоны» қабылдады, деп хабарлады Vesti.kz. Кездесудің алғашқы минутынан-ақ киевтіктер тарапынан күшті шабуыл басталды. «Динамолықтар» шапшаңырақ гол соғуға құшырланғаны байқалып тұрды. Жанкүйерлердің қызу қолдауына қарамастан, алаң иелері «шашыраңқы» ойнады. Осыны пайдаланған қонақтар 16-минутта Владимир Никитенко командасының сазайын берді. Қақпаларына гол жіберіп алған ақтөбеліктер есін жинап, қауіпті шабуылдай бастады. Ойынның 37-ші минутында айып доптардың бірі қақпаға кірді. Бірінші қанаттан ұшқан Гейнрихтің добы Тремулиннің тізесіне тиіп қақпаға дөп түсті — 1:1.Ойынның екінші жартысына »Динамо» бар күшін салғандай. 51-ші минутта Идейе «Ақтөбенің» айып добын тұтып алып, Сидельниковтің жанына…

0
0
318

Ернұр Қабатаев еркін күрестен Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Ернұр Қабатаев

Павлодар педагогикалық институтының студенті Ернұр Қабатаев Софияда (Болгария) еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені олжалады, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен. Оған әлемнің белді спортшылары қатысқан.

ҚР еркін күрестен спорт шебері Е.Қабатаев ҚР жастар құрамасының сапында сынға түсті.

Өзінің 50 келі салмақ дәрежесінде ол халықаралық спорт шебері нормативін орындап, үшінші орын алды. ҚР құрамасының қоржынында Ернұр Қабатаев жеңіп алған бір ғана қола жүлде бар.

Бұл жарыс спортшы үшін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарына дайындықтың басы болды.

 

ПАВЛОДАР.  ҚазАқпарат

0
0
799

ЮНЕСКО бас директоры С.Сәпиевке ізгі ниет елшісі мандатын табыстайды

ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова Орта Азияға ресми сапары аясында ертең, елордада Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағын табыс етеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің кеңесші-елшісі Сатыбалды Бұршақов мәлім етті. «Ирина Бокова Астанаға ертең, 23 тамыз күні Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың Халықаралық форумына қатысады. Аталған іс-шара аясында ол бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі мандатын табыстайды», — деді ол. Арнайы диплом мен құрметті атақ қазақ боксшысына дәстүр бойынша БҰҰ-ның Париждегі штаб-пәтерінде табыс етілуі тиіс еді. Дегенмен Серік өз дипломын 23 тамыз күні Астанада өтетін 2013-2022 жылдардағы мәде…

0
0
375

Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды


Фариза Алдоңғарова

Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бұл туралы ҚР Күрес федерациясының баспасөз баянында хабарланды. Ойындардың 1/4 финалында 55 келі салмақ дәрежесінде ол Бангладештен келген Фатиха Уммуль Исламды 12:0 есебімен жеңді, жартылай финалда өзбекстандық Динорохан Мамадибрагимовадан 2:0 есебімен басым түсті. Өкінішке орай, ақтық сында біздің отандасымыз филиппиндік Паулинеуз Лопезке 2:4 есебімен есе жіберіп алды.

Еске сала кетейік, кеше Қытайдағы жасөспірімдер арасындағы 2-ші Азия ойындарында қазақстандық таеквандошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақ дәрежесінде қола медальді олжалады.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
351

Қазақстанда паралимпиадалық спорт тарихында тұңғыш рет халықаралық жарыс жүлдегеріне сыйақы беріледі

Монреальда (Канада) өткен тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында суда жүзуден әлем чемпионтында жақсы нәтижеге қол жеткізген ҚР Ұлттық паралимпиадалық құрамасы елге оралды. Ұлттық паралимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы әуежайының алдына жиылғандар халықаралық спорт шеберлері: Монреальда өткен әлем чемпионатының күміс және екі дүркін қола жүлдегері Зүлфия Ғабидуллина мен Азия рекордшысы Әнуар Ахметов, олардың бапкерлері — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Саттар Бейсембаев пен Владимир Загодерныйды қарсы алды. Еске сала кетсек, 12-18 тамыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында жүзуден тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемдік біріншілікке 60 елден 650 спортшы…

0
0
461

Букмекерлер «Ақтөбені» «Динамо» жеңеді деген сенімде

Бүгін Еуропа Лигасы плей-офф раундының «Ақтөбе» мен «Динамо» арасындағы матчі өтеді, деп жазады Sports.kz.

«Букмекерлер бұл кездесудің қандай нәтижемен аяқталарына өз болжамдарын жасап қойған, ол украиналықтардың үлесіне шешіліп отыр және ол үлестің басымдығы айтарлықтай, енді көпшіліктің болжамын тек ақтөбеліктер ғана сейілте алады», — деп көрсетілген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» мен «Динамо» Киев арасындағы кездесу Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді, басталуы сағат 19.00-де.

 

«www.bnews.kz».

0
0
240

Хижниченко — Чемпиондар Лигасының ең үздік шабуылшыларының бірі

«Шахтердің» шабуылшысы Сергей Хижниченко

«Селтиктің» қақпасын тура нысаналаған қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Сергей Хижниченко жалғасып жатқан УЕФА Чемпиондар Лигасының мерген футболшылары тізіміне енді, деп жазады Sports.kz.

«Бүгінгі күні жарыстарда чехиялық «Викторияның» (Пльзень) ойыншысы Мариан Чижовский 5 доп, ал Роман Широков («Зенит», Санкт-Петербор) пен Сергей Хижниченко («Шахмет», Қарағанды) 4 доптан соққан», — деп көрсетілген хабарламада.

   

«www.bnews.kz».

0
0
260

Қытайда жасөспірімдер арасында таэквондодан Ерасыл Қайырбек қола медаль ұтып алды

Таеквондошы Ерасыл Қайырбек

Қытайда жасөспірімдер арасында таэквондадан Азиадада жерлесіміз Ерасыл Қайырбек қола медаль ұтып алды,  деп хабарлайды BNews.kz Қазақстанның таэквондо федерациясына сілтеме жасай отырып.

Қытайдың Нанкин қаласындағы ІІ Жасөсіпірімдердің Азиа ойындарында таеквондошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақта қол медальға қол жеткізді.  Ширек финалда жерлесіміз вьетнамдық Нджок Туан Транды 17:13, 0:2 есебімен ұтты. Бұджан кейін жартылай финалда филиппиндік Франциссарон Агоджо 7:9, 1:0 есебімен жол берді.

Ертең алаңда Фариза Алдоңғарова 55 келі салмақта шығады. Екі таэквондошы да Азия біріншілігінде Азия ойындарына жолдама ұтып алған болатын.

   

«www.bnews.kz».

0
0
534

Ақтауда атыраулық кеденші халықаралық дзюдо жарысында алтын алды

2013 жылғы 17-18 тамыз аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау облысының еңбек сіңірген қайраткері Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ересектер мен әйелдер арасындағы V-ші халықаралық турнир болып өтті, деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Жарысқа Қазақстанның барлық аймағы мен Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан мемлекеттерінен 250-ге жуық спортшы, яғни 24 команда қатысып, дзюдошылар 16 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Екі күнге созылған турнир қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің жетекші маманы Бекболат Салықов жүз килограммнан жоғары салмақ дәрежесінде алтын жүлдеге ие болып, чемпион атанды. Абсолюттік салмақта татамиге қайта шыққан Бекболат бұл сал…

0
0
725

Бұл жеңіс біздегі футболдың даму дәрежесін байқатты — Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Футбол федерациясы президенті Әділбек Жақсыбеков «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы кездесуден соң қазақстандық команданы жеңісімен құттықтады деп хабарлайды vesti.kz. «Біз бәріміз бұл жеңісті күттік, бізге жеңіс ауадай қажет еді. Бұл біздің футболдың даму үрдісін дәлелдейді. «Шахтер» «Селтик» сияқты команданы тізе бүктірді. Сіздерге «Селтиктің» кім екендігін айтып түсіндірмей-ақ қояйын», — деді ол. «Біз Азияға ауысар едік, бірақ Чемпиондар лигасы Азияда жоқ, Еуропа лигасы да жоқ. Сондықтан «Селтик» сынды командалар бізге келмес еді. Әрине, бұл жерде жеңістер үлкен еңбекпен келеді. Сіздерден қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Сын айтуға да болады, әрине, бірақ қолдаған да дұрыс», — деп ол команданың деңгейін бағалап өтті. Сонымен қатар «Шахтерді» жеңісімен құттықтауға Қазақстан шай…

0
0
250